Өз қалаңды біл және жақсы көр!
Дата: 2022-11-01 18:38:08

Күзгі демалыстағы мектеп жоспарына сәйкес 2022 жылғы 1 қарашада 8-сынып оқушылары қалалық тарихи – өлкетану мұражайына барды. Оқушылардың назарына Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған көрме ұсынылды. Музейдің аға қызметкері Д.А.Кожаков балаларды көрме материалдарымен таныстырды. Даулет Асанханович балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, оқушылар жаңадан ашылған Жидебай батыр ескерткішіне барды.