31 қазанда 4-сынып оқушылары арасында «Күзгі калейдоскоп» білім каруселі атты сыныптан тыс іс-шарасы өтті.
Дата: 2022-10-31 11:42:47

31 қазанда 4-сынып оқушылары арасында «Күзгі калейдоскоп»білім каруселі атты сыныптан тыс іс-шарасыөтті. Іс-шараның мақсаты балалардың назарын математиканы оқуға аудару, математикалық қабілеттерін дамытуға ықпал ету болды. Балалар командаларға бөлінді. Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт берілді. Тапсырмаларға-ақылдылыққа арналған тапсырмалар, жұмбақтар, логикалық есептер, логогрифтер, геометриялық есептер, «Қара жәшік», капитандар сайысы, «Дуэль», кроссвордты шешу болды. «Білгірлер» командасы жеңіске жетіп, 25 балл жинады,тапсырмалар таңдалды, балалар кедергілерді құлшыныспен жеңді. Үйге керемет көңіл-күймен қайтты.