Көңілсіз емес күзгі демалыстар

Дата: 2022-10-31 10:19:30
Көңілсіз емес күзгі демалыстар

Көңілсіз емес күзгі демалыстар

 

Міне, 2022 – 2023 оқу жылының 1 тоқсаны аяқталды. Күзгі күндер жылдам өтіп, оқу сабақтарына, әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарға толы болды. Қорытынды шығару уақыты келді! Алда күзгі демалыс күтіп тұр, оның қарсаңында «Күзгі демалысты ұйымдастыру және өткізу»мектеп парламентінің отырысы өтті. Оқушылар сарайы мен мектеп демалысындағы жұмыс жоспары қарастырылды. Әр сыныпқа демалыста параллельден басқа сыныптармен бірлесіп іс-шаралардыөткізу, өз сыныптарын өткізу және қалалық конкурстарға қатысу тапсырылды.

Оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша сынып жетекшілерімен жеке жұмысыжүргізілді. Оқушылар мен сынып жетекшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, жұмыс жоспары жасалды, оған кітапхананың, АӘТД педагог – ұйымдастырушысының іс-шаралары да енгізілді. Волейболдан спорттық кездесулер, көңілді старттар, жаттығулар жоспарланған спорт залының жұмыспен қамту кестесі бөлек жасалды. Ерекше педагогикалық назар аударуды қажет ететін оқушылардың күзгі демалысын өткізуге көп көңіл бөлінеді: олар үшін іс-шаралар жоспарланған.

Жыл сайын демалыста 9-сынып оқушылары кәсіби сынақтарға қатысады. Бұл оқу жылы да ерекше болды: демалыста арнайы кесте бойынша балалар колледждердің қызметімен танысу мақсатында Балқаш колледждеріне барады.

Оқушылармен жұмыс жоспарын барлық сынып президенттері, мектеп парламенті фракцияларының жетекшілері, сынып жетекшілері алды. Мектептің фойесінде әрбірдемалыс күніне арналған жұмыс жоспары бар «Көңілсіз емескүзгі демалыс»стенді ресімделді.

Сәлем, демалыстар!

 

 

 

 

Автор: №10 ЖББОМ