Дені сау болу-бұл керемет!
Дата: 2022-10-14 09:32:58
13.10.2022 жылы 8сынып ұлдары үшін жастар денсаулық орталығының дәрігері С.В.Клюниковпен кездесу өткізілді. Сергей Владимирович ұлдарға жасына байланысты жасөспірімдердің денесінде болатын жас, физиологиялық өзгерістер туралы айтты. Сергей Владимирович салауатты өмір салтын ұстануға ерекше назар аударды: спортпен шұғылдану, денені шынықтыру, жаттығуларды жасау, дұрыс тамақтану.
