2022 жылы 1 қыркүйекте мерекелік безендірілген мектеп өз оқушыларын қарсы алды.

Дата: 2022-09-02 10:04:55
2022 жылы 1 қыркүйекте мерекелік безендірілген мектеп өз оқушыларын қарсы алды.

2022 жылы 1 қыркүйекте мерекелік безендірілген мектеп өз оқушыларын қарсы алды. Мектеп ауласында Отан туралы, мектеп, мұғалімдер, балалық шақ туралы өлеңдері айтылды. 10.00-де «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылық қасиет» салтанатты жиынының басталуы туралы фанфаралар айтылды. Жүргізушілер – мұғалім У.Е.Дауренбеков және 11 сынып оқушысы Анна Ултыкеева барлық қатысушыларға мерекемен құттықтау сөздерін айтты және 1-ші мен 11-ші сыныптарды жиынға шақырды. Бірінші сыныптар өздерінің мұғалімдерімен: 1 «а»-М.А.Ливицкая, 1 «б»-Е.В.Кузнецова, 1 «в»-Т.В.Ваннер жиында жүріп өтті. Мектеп жиын басталуына дайын. ҚР-ның Мемлекеттік әнұраны шырқалды. Жиында педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар, мектеп түлектері қатысты. Туған жерге арнап «Қазақстан өрле!» би композициясы «Денс класс» тобы (жетекшісі Л.В.Лоскутова)  айдарын ашты. Жүргізушілер ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан жастары үшін үш маңызды приоритеттерді атап өтті – «Жастар рухы» жастар партиясының кезектен тыс VI съезінде: Білімге ұмтылу, Еңбексүйгіштік және Патриотизм. Бала жылы туралы да өлеңдер айтылды. Ата-аналар мен оқушыларға мектеп директоры С.Г.Укпешова құттықтау сөздерін айтты. Бірінші сыныптардың сөйлеген сөздері әсерлі болды. Балалар Туған жерін сүюге, мектепте жақсы оқуға уәделерін берді. Бірінші сыныптарға өсиет сөздерімен 11 сынып оқушылары сөз сөйледі. Содан кейін «Сәлеметсің ба, мектеп!» би тобы өнерін көрсетті. Ата-аналар қоғамы атынан педұжым жаңа оқу жылының басталуымен ата-аналарды, оқушыларды «Отцовское плечо» әкелер кеңесінің төрағасы Алексей Сергеевич Русских сөз сөйледі. Оқушылардан алғыс сөздер мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне айтылды. Қол шапалақтаулары естілді.

         Міне салтанатты сәт басталды! Алғашқы сабаққа шақырған алғашқы қоңырау соғылды. 2022-2023 оқу жылына алғашқы қоңырауды соғуға беру құқығы бірінші сыныптардан Максим Павлов пен Виктория Банманға, он бірінші сынып оқушылары Степан Жузбаев пен Сабина Абдуалиеваға берілген болатын. Дәстүр бойынша өздерінің сыныптарына бірінші сыныптар өтті, ал оларды 2023 жыл - келешек түлектері жүргізіп өтті.

          Жүргізушілер оқушыларға тілектерін айтты:

    Сәлем мектеп! Сәлем оқу!

    Білімге саяхат жасаймыз.

    Бүгін мереке! Мектеп мерекесі!

    Оқу жылын біз қарсы аламыз!

   Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм!» бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілері тақырып бойынша презентация дайындады, ерекше назар «патриот» сөзіне аударылды.

     Өз Отаныныңның, өз қаланың, өз мектебінің патриоты болу нені білдіреді? Осы сұрақтарға мысалдар келтіріп, оқушылар жауап берді. Сонымен қатар, қызықты конкурстар, викториналар өткізілген болатын. 12.00-де Білім күніне арналған салтанатты жиынға 2-ші ауысымның балалары жиналды. Сәлемдесу сөздері мен оларды көңілді тілдесу арқылы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары М.А.Ливицкая мен Г.А.Шегирова қарсы алды. 5-ші сыныптардың жаңа сынып жетекшілері таныстырылды: Айгерим Бекбулатовна Смакова, Ирина Валентиновна Изосимова, Юлия Валеривна Татаринова. Барлық қатысушыларға мектеп диркторы С.Г.Укпешова және әкелер кеңесінің төрағасы О.А.Помазкин құттықтау сөздерін айтты.

       5 «А» сынып оқушылары барлық мектеп мұғалімдеріне алғыс сөздерімен өлеңдер оқыды.

       Балалық шақ – адам өмірінде ең керемет және жылдам өтетін кез. Алда жаңа оқу жылы. Барлығымызды көптеген қызықты жаңалықтар, жаңа жобалар, достармен кездесулер күтіп тұр.

      2022-2023 оқу жылында алғашқы қоңырауды беруге құрметті құқығы оқу үздіктеріне, қатысушыларға және қалалық конкурс жеңімпаздары – 5 «Б» сынып оқушылары Тимур Кенжебеков пен Алина Колисниченкоға берілді! Барлық білім үрдісінің қатысушыларына мықты денсаулық пен жаңа 2022-2023 оқу жылында сәттіліктер тілейміз!

Біз оқу жылын қарсы алдық!

Ол сәтті болсын!

Автор: №10 ЖББОМ