2022 жылғы 30 сәуірде А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық – техникалық колледжінде "Болашақ мамандықты таңдаудағы ата-аналардың рөлі"атты форум өтті.

Дата: 2022-05-05 09:07:09
2022 жылғы 30 сәуірде А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық – техникалық колледжінде

2022 жылғы 30 сәуірде А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық – техникалық колледжінде "Болашақ мамандықты таңдаудағы ата-аналардың рөлі"атты форум өтті. Форумның мақсаты мектеп түлектерінің мамандық таңдаудағы өзекті мәселелерін талқылау үшін бірыңғай диалог алаңын құру болды. Қатысушылар үшін үлкен бағдарлама ұсынылды: жеке кеңестер, көрме. Форумның қорытынды аккорды колледждің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерт болды. Форумға ата-аналар, сынып жетекшісімен 9 "А" сынып оқушылары қатысты.

Автор: №10 ЖББОМ