2022 жылғы 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні.

Дата: 2022-04-08 10:22:11
2022 жылғы 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні.

2022 жылғы 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күні дәстүр бойынша біздің мектепте спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бірінші рет бірінші сынып оқушылары Дүниежүзілік денсаулық күніне қатысты. 1 "Б" және 1 "В" сынып оқушылары көңілді эстафета өткізді. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке конкурстар болды. 1-сынып оқушыларына бұл іс-шара өте ұнады, онда олар өздерінің қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, денсаулығын нығайтты. Іс-шара соңында достық жеңіске жеткен қорытынды шығарылды.

Автор: №10 ЖББОМ