Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге бірігейік!

4.12.21ж. бастап Балқаш қаласының "№10 ЖББМ" КММ-де Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар басталды. Барлық іс-шаралар "сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге бірігейік"ұранымен өтеді. Іс-шаралар қалалық инфографикабайқауына қатысып, "Адал Ұрпақ"стендіне байқау жұмыстарын орналастырудан басталды.
6.12 барлық сыныптарда адалдық сабақтары өткізілді:
- «Жақсы деген не және жаман деген не» -1-4 сын.
- «Жемқорлық сөзінің құпиясы» -5,6 сын. - «Сыбайлас жемқорлық: бұл не және ол неге проблема?» - 7,8 сын.
- Пікірталас «Пара - бұл мәселені "оңай" шешудің құралы ма, әлде қылмыс па?» -9 кл. - Пікірталас«Адал болу сәнді және беделді» - 10,11 сын.
Сынып жетекшілері құқық және тәртіп фракциясы депутаттарымен бірге сыныптардағы мектеп Парламенті өкілдіктерінің сынып сағатының тақырыбы бойынша презентациялар дайындады.
6.12-ден бастап "таза алақандар"акциясы жарияланды. Соңғы уақытта қандай да бір адал іс немесе игі іс жасаған кез-келген адам оларды алақандарының силуэтіне жазуы керек. Акцияны бірінші болып 9 "А" сынып оқушылары бастады. Акция қорытындысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 9.12-де шығарылады!
Қосылыңыз!