8 қарашадан 12 қарашаға дейін мектепте мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу сауаттылығы апталығы өтеді.
Дата: 2021-11-09 14:24:12

8 қарашадан 12 қарашаға дейін мектепте мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу сауаттылығы апталығы өтеді.
Мақсаты: балаларды Кітап мәдениетіне, оқуға, оқу сауаттылығын дамытуға тарту.
Бүгін, аптаның бірінші күні танысудан басталды. Балалар педагог – ағартушы, фольклоршы, этнограф ғалым, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақ оқулықтарының авторы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсаринмен, оның "Таза бұлақ" әңгімесімен, "Кел, балалар оқылық!» өлеңімен танысты. Сондай-ақ оқушылар мектеп кітапханасына барды, Н.Н. Куприянчик кітапхананың адам өміріндегі рөлі туралы айтып берді.