Сынып жетекшілері "Балқаш қаласының № 10 ЖББМ" КММ 5-6 сынып оқушыларына онлайн режимінде іс-шаралар өткізді.

Дата: 2021-11-09 13:49:28
Сынып жетекшілері

Сынып жетекшілері "Балқаш қаласының № 10 ЖББМ" КММ 5-6 сынып оқушыларына онлайн режимінде іс-шаралар өткізді. Тақырыптар мен формалар әртүрлі болды. Оқушылар туған қаласының көшелерімен жүріп өтті. Туған өлкенің тарихы туралы білімдерін кеңейтті. Өз өлеңдерін Балқаш қаласына арнады. 6-сынып оқушылары онлайн ойын –викторинаға қатысып, қалалар мен әлем елдеріне саяхат жасап, осы елдердегі өмір туралы қызықты тарихи фактілерді білді.Байқауда белсенділік таныта отырып " не? Қайда? Қашан?"ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай оқушылар ой-өрісін кеңейтіп, жаңа біліммен байыта түсті. 5-сынып параллельдерінде сұрақтар мен жауаптар түрінде жақсы әдеттер туралы әңгіме өткізілді. Балалар өз әдеттерімен бөлісті және пайдалы әдеттерді дұрыс алу қажеттілігі туралы білді. Балалардың өздері және ұйымдастырушылар күзгі демалыста өткізілген қызықты және танымдық іс-шараларға риза болды.

Автор: №10 ЖББОМ