Каникул пайдалы жалғасуда!
Дата: 2021-11-03 13:37:16

Бүгін 4 сынып оқушылары үшін балалардың жеке дамуы, шығармашылығы, қабілеттерін жүзеге асыру, демалыстағы бос уақытын ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында Оқушылар сарайының үйірмелеріне бару ұйымдастырылды.
Мұғалімдер Т.В. Ваннер мен М. А. Ливицкая балаларды экскурсияға алып барды. Қала бойынша қозғалыс кезінде шағын топтармен жүру ережелері, жол қозғалысы Ережелері және қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері қайталанды. Ауа райының күрт салқындауы күннің әсерін бұзбады!
Балалар Оқушылар сарайында не істеуге болатынын біліп, түрлі шығармашылық шеберханаларда өздерін сынап көрді. Корей және қазақ тілдері, театр өнері мен журналистика үйірмелеріндегі сабақтар есте қалды, музыкалық аспаптарда ойнады. Ұлдар модельдеу үйірмесіне барғысы келді, ал қыздар қышпен айналысқысы келді.
Мүмкіндік бергені үшін Оқушылар сарайының әкімшілігі мен үйірме жетекшілеріне рахмет!












