Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі

Дата: 2021-11-01 09:56:08
Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі

20 қарашада жыл сайын өте маңызды құжат – "Бала құқықтары туралы Конвенцияны"қабылдауға арналған Дүниежүзілік бала құқықтары күні атап өтіледі. Мереке балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл күн мереке ретінде ғана емес, бүкіл әлемдегі балалардың проблемаларына, сондай-ақ Балалар әлемі мен ересектер әлемі арасындағы өзара түсіністікке қоғамның назарын аударуға көмектесетін күн ретінде ойластырылған.

Біздің елімізде балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. "Балалардың құқықтарын қорғау, өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен дамуы – біздің басты басымдықтарымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты өмірін қамтамасыз етуге тиіспіз. Біз әр баланың дауысын тыңдауға міндеттіміз!"деді Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті " Бала құқығы-адам құқығы!»,

20.10-20 қараша аралығында Халықаралық балалар күніне арналған. Мектепте республикалық , облыстық және қалалық жоспарлардың іс-шараларын ескере отырып жоспар құрылды.Осы жоспарға сәйкес белгілі бір жұмыстар атқарылды.

"Мектеп планетасы" ақпараттық стендінде "Бала құқығы – адам құқығы" айдары, мектеп кітапханасында "білуге құқығым бар!» көрмесі ұйымдстырылды.

25.10 барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді:

"Заңдар мен құқықтар еліне саяхат" - 1-4 сынып.   

"Мен туралы Заң, мен Заң туралы" құқықтық ойыны-5-7 сынып.

"Біздің әрекеттеріміз және олардың салдары" -8 сынып.                 

Интернет-сабақ "білуге құқығым бар!"-9 сынып.              

"Құқық сабағы-өмір сабағы!"-10 сынып.             

Конституциялық-құқықтық сағат -11 сынып "мен-Қазақстан азаматымын!»                             

Барлық сынып сағаттарының мақсаты адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарымен танысу, кәмелетке толмағандардағы бастапқы құқықтық білімді жалпылау арқылы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру болды. Сынып жетекшілері Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын, презентацияларды пайдаланды.

Автор: №10 ЖББОМ