АИТВ / ЖИТС және жастар: ертеңгі күнге деген үміт

20.10.2021 жылы "Балқаш қаласының №10 ЖББМ" КММ 11, 10 сынып оқушылары (35 адам) "Ғибрат" жастар орталығының дәрігері А. А. Батырбековамен онлайн форматта кездесу өткізді. Дәрігердің баяндамасы ЖИТС – тің және АИТВ-инфекцияларының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелеріне арналды. Айгүл Абдуллақызы кездесу қатысушыларына ауру ғасырының себептері туралы түсінікті түрде айтып берді. Салауатты өмір салтын ұстанбайтын жастардың өмірінен мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, дәрігердің сөзінде есірткі заттарын қолданудың зияны туралы мәселе қозғалды. Сөз соңында Айгүл Абдуллақызы жастарға салауатты өмір салтын ұстануды, мектепті табысты аяқтап, жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірді.
Қазақстанның жас ұрпағы-дені сау ұрпақ!