Балқаш қ. № 10 ЖББМ " КММ экологиялық сауаттылық апталығының төртінші күні мектеп Парламентінің таңғы поштасын шолудан басталды.
Дата: 2021-04-22 11:10:42
Балқаш қ. № 10 ЖББМ " КММ экологиялық сауаттылық апталығының төртінші күні мектеп Парламентінің таңғы поштасын шолудан басталды. Оқушылар мен педагогтардың назарына " Ақ бұлақ "экологиялық газетінің жаңа шығарылымы ұсынылды. Осы мерзімді мектеп басылымының сәуір айындағы жазбалары қысқа, айқын безендірілген, өзекті және танымдық ақпарат берді. Газет беттерінде бүгін, 22 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік Жер күніне арналған "Ақындық бұрыш" үшін орын табылды.

