29.03.2021 ж. сағат 17.00-де "№10 ЖББМ " КММ директоры С.Г. Укпешова ата-аналармен "4 тоқсанда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру" тақырыбында "директор сағаты"онлайн кездесу өткізді

Дата: 2021-04-01 14:37:11
29.03.2021 ж. сағат 17.00-де

29.03.2021 ж. сағат 17.00-де "№10 ЖББМ " КММ директоры С.Г. Укпешова ата-аналармен "4 тоқсанда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру" тақырыбында "директор сағаты"онлайн кездесу өткізді. Ата-аналарға Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2021 жылғы қаулысына сәйкес сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін құрамдастырылған форматта оқу төмен және орташа қауіпті аймақтарда (жасыл және сары аймақ) орналасқан өңірлерде өткізілетіні туралы ақпарат берілді.
Жоғары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде оқыту жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары үшін 1 – ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын форматта жүргізіледі;
- бітіруші сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып-1-кабинет" қағидаты бойынша оқыту, Санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау).
Балқаш қаласының Сары аймағында барлық сынып оқушылары оқуды 1 сәуірден бастап аралас форматта бастайды. Мектеп формасы талап етілмейді. Киімнің  ұқыпты болуы жеткілікті. Мектепке кіру үш жағынан, баспалдақпен. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып. Ата-аналардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Автор: №10 ЖББОМ