Размер шрифта:

2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін өтінішті 10 мамырға дейін тапсыру қажет.

Дата: 2020-04-28 13:36:52
2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін өтінішті 10 мамырға дейін тапсыру қажет.
 
Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді онлайн режимінде 10 мамырға дейін  ent2020.testcenter.kz. сайтында қабылдайды. 
 
Өтініш берудің жаңа форматы қағаз құжаттарынан бас тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ведомстводан.
 
18 жасқа толмаған адамдардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді аталған порталда тіркеуден өткен кезде олардың заңды өкілдері береді.
ҰБТ тапсырудың жаңа шарттары белгілі болды.
Сондай-ақ, ведомствода порталда тіркелу үшін ЭЦҚ қажет емес екенін атап өтті.
Барлық сұрақтар бойынша Ұлттық тестілеу орталығының call-center-ге 8 800 080717 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Сондай-ақ, Қолдау қызметіне хат жіберуге болады info@testcenter.kz.
Білім министрлігі коронавирусқа байланысты ҰБТ өткізу үшін Б жоспарын дайындайды.

2020 жылы түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 11-ші сыныптың төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтарынсыз тапсырады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
 
Оқушылар ағымдағы оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтықтан білім алғандықтан, оларға осындай жеңілдік жасалды.
 
Сондай-ақ, коронавирустың таралу қаупіне байланысты биылғы жылы мектеп оқушылары үшін бітіру емтихандары тоқтатылды.
 
Білім және ғылым министрлігінде ҰБТ-ны дәстүрлі түрде маусым айының соңында өткізуді жоспарлап отыр. Алайда ведомствода коронавирус жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайда Б жоспарына жүгіну керек екенін жоққа шығармайды.
 
Автор: №10 ЖББОМ