«Балқаш қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 13.04-17.04.2020ж. аралығында тәрбие іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат.

13.04.2020ж. бастап оқу аптасы "Абайды оқи отырып" қарым-қатынас сағаттарынан басталды. Сынып жетекшілері ақын, ағартушы Абай Құнанбаев туралы бейнематериалдарды пайдаланды.
Сынып сағатын 11 "б" сынып жетекшісі О. А. Желобецкая өткізді.
Мектеп оқушылары "Абайды оқы, таң қал!" атты әдеби марафонға қатысты. Оқушылар Абайдың сүйікті өлеңдерін оқыды ( бейне). Қорытынды шығарылып, әдеби марафонға қатысушылар электронды грамоталармен марапатталды.
Марафонға 4-11 сынып оқушыларынан 26 адам қатысты.
"Домашний питомец"шығармашылық конкурсы барлық сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды. Оқушылар өздерінің үй жануарлары туралы фотоколлаждар, бейнероликтер дайындады. 42 қатысушы дипломдармен марапатталды.
Мектеп оқушыларының жұмыстары Оқушылар сарайына "Братья наши меньшие"атты қалалық фотоконкурсқа ұсынылды.
Басқа фотосуреттер мен бейнелер көп.
Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша айлық аясында өткізілетін 1-7 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз жол" атты суреттер конкурсы жарияланды. Әлі жалғасып келе жатқан байқауға 20 адам қатысты – бұл 1,2 сынып оқушылары.
11 "б" сынып оқушысы Маликова Э. "КАРЛАГ: ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО"атты халықаралық шығармалар сайысына қатысты. ( мұғалімі Желобецкая О.А.).
Мектеп психологтары Агибаева А. О. және Крюкова А. Д. келесі жұмыс жүргізді:
1.Қашықтықтан оқыту кезеңінде педагогтарға ұсыныстар жасалды.
2.1 - 4 сынып. сынып жетекшілеріне кеңес: «Баламен ( Covid-19) жайында қалай сөйлесуге болады?»
3. 5-11сынып. "Короновирустың пандемиясы (COVID-19) кезінде жасөспірімдер өздерінің психикалық денсаулығын қалай қорғай алады"мұғалімдерге ұсыныстар.
4.Мектеп инспекторы мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен Қашықтықтан оқытудың проблемалық мәселелері бойынша ата-аналармен және оқушылармен әңгімелесу.
13.04.2020ж. 7,8 сыныптар үшін "Қазақстандық патриотизм және дін"тақырыбы бойынша видеолекция өткізілді. Дәріскер Жанабергенова Жұлдыз Хабибулловна
"Балқаш қаласының Конфессияаралық қарым-қатынастар мәселелері мен талдауын зерттеу орталығы" КММ психологы