Мемлекттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциясын атқарушы «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іс-әрекеті
Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қарашадағы № 39/01 қаулысымен «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан қорғаншылық (қамқоршылық) Кеңесі құрылған.
«Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық Кеңесі (әрі қарай-кеңес), балалардың, соның ішінде қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетiн жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардыңқұқығы мен заңды мүдделеріне қатысты мемлекеттік саясатты іске асыруда атқарушы органдардың келісілген іс-әрекетінің орындалуын қамтамасыз етіп, үнемі іс-әрекет үстінде болады.
2.Комиссия өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін (әрі қарай- Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі мемлекет функцияларын жүзеге асыру қағидаларын аталған Ережені, өзге де нормативті-құқықтық актілер, халықаралық келісім-шарттарды басшылыққа алады.
3.Кеңестің негізгі функциялары:
1) Кодекстің 116,119,121 баптарына сай, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құжаттарын қарастыру;
2) Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның (әрі қарай- орган) балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиеге орналастыру туралы қолданған шараларын тыңдау;
3) Кодекстің 73 бабына сай,балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасында келiспеушiлiктердi шешу;
4) Кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толғандардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге iс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
5) Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетiн жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкiн басқаруды, сондай-ақ аталған мүлiктiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қамқорлыққа алынушының мүлкiн иелiктен шығару, оның iшiнде айырбастау немесе сыйға тарту жөнiндегi мәмiлелердi жасасуға немесе оның атынан кепiлгерлiк, осы мүлiктi жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға беру немесе кепiлге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлiкпен тиесiлi құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкiн бөлуге немесе одан үлестi бөлiп алуға әкеп соғатын мәмiлелердi жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкiн азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмiлелердi жасасуға қорғаншыға немесе қамқоршыға келiсiм бередi;
7) көрсетiлген мәмiлелер нәтижесiнде қамқоршы алған қаражаттың қалай жұмсалатынын айқындайды;
8) Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтiп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындайды және төлейдi;
9) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешiлердiң қызметiне, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн ұйымдарға бақылауды жүзеге асырады;
10)Қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешiлердiң әрекеттерiне шағымдарды қарайды;
11) Қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ кәмелетке толмағанға тиесiлi мүлiктi басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептердi қамқоршылардан осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 1 жылда екірет талап етедi;
12) Отбасына орналастыруға, оның мүлкiне қатысты мәмiленi жасауға он жасқа толған баланың келiсiмiн анықтайды және оған қолжетiмдi нысанда аталған рәсiмдердiң мәнiн түсiндiредi.
Қорғаншылық кеңесінің отырысы әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіледі, қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыс өткізіледі.