«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық презентация сайысының ақпары

Дата: 2016-11-11 06:10:39
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық презентация сайысының ақпары

    Қараша айының 5-і күні лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық презентация сайысы өтті. Сайысқа қала мектептері қатысты. Сайыстың мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы мазмұнды, көркем де бейнелі презентациялар әзірлеу болды. Әр оқушыға презентациясын қорғау үшін 2 минут уақыт берілді. Қорғау түрі еркін болды.     

     Әділ-қазылар алқасы оқушыларды слайд тақырыбын аша білуіне, көркем, бейнелі түрде рәсімделуіне байланысты бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша №8 орта мектептің 4Ә сынып оқушысы Сембек Әмина жүлделі

I орынмен, №15 лицейдің 4Б сынып оқушысы Омаров Сәтжан жүлделі II орынмен, сондай-ақ №16 мектептің 4А сынып оқушысы Дулатова Мерей жүлделі III орынмен марапатталды.

      Барлық сайыскерлер мадақтамамен марапатталды.