Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай, ұйымдастырылған қалалық «Мәңгілік ел- мәңгілік мұра» компьютерлік презентация байқауын өткізу туралы ақпарат
2016 жылдың 5 қарашасында №1 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Сармантаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25жылдығына араналған «Мәңгілік ел- мәңгілік мұра» атты қалалық байқау болды.Байқауға екінші кезеңнен өткен 6 сынып оқушылары қатысты: қалалық гимназия, ЖББ№3ОМ, ЖББ№10ОМ, ЖББ№17ОМ.
«Халықтың өмірі келесі өзінің ұрпағына жалғасады. Сондықтан, халықтың Мәңгілік ел туралы арманынан ешқандай биік арман жоқ. Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.» -деп Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын.Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы біртұтас ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз. Дәл осы сөзбен байқаудың екінші кезеңі компьютерлік презентация басталды.
Іс шараның жүргізушісі О.С. Клементьева, Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдарының орныққанын жайлы ой шоғырланғаны туралы қатысушыларға айтып, түсіндірді.
Компьютерлік презентация байқауының құзыретті әділ -қазылары аға ғылыми қызметкер Даулет Асанханович Кожаков пен директордың АКТ жөніндегі орынбасары Армана Зияддинович Айтжанов екінші кезеңді қорытындылап отырды. Даулетом Асанханович байқауға қатысушыларға байқаудың шарттары мен тарихи мұра кезеңінің нәтижелері жайлы түсіндіріп, айтты.
6 сынып оқушысы Каримова Ренатаның ертедегі тарихи мәдениет пен қазіргі жетістіктер жайлы жасаған жұмысы ерекше аталып өтті. Каримова Рената 1 орынға ие болды. Компьютерлік презентацияда 6 сынып оқушысы Стрыгина Натальяның Қазақстанның музыкалық-рухани мұрасы жайлы жасаған презентациясы аталып ,2 орынға ие болды. Қалалық гимназия оқушысы Карстен Владиславтың жұмысында әділ –қазылар жан-жақты тарихи ізденіс бар екенін, бірақ оның арасында байланыс жоқ екенін, тарихи мерзімдерде ептеген қателіктер болғанын айтты. Сондықтан Владислав 3 жүлделі орынға ие болды.
Іс-шара оқушыларды келешекте осындай байқауларға қатысуға шақырып, жылы сөздермен және тілекте.