Біз сенің балаларыңыз, Қазақстан!

Дата: 2012-12-10 04:35:32
Біз сенің балаларыңыз, Қазақстан!

 

Алғашқы Президент  күніне қарсы «Күншуак» бала-бақшасында қызықты шаралар өткізілді. Балалар шағын музейге барып Президентіміздің  өмір мен  жұмысының қызықты сәттерімен, Елордамыздың көрікті жерлерімен танысты. Балалар өз ойларынқағаз бетіне түсіріп «Астана- әсем қала»  атты  суретшілер сайысына қатысты.

Балалар Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір баянымен танысты.

Жастық шағының қалай өткенін білді.   Әңгімелесу сәтті слайд арқылы көркемделді. Отан туралы өлең, тақпақтар айтып, би биледі. Оркестрдің орындауында Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі орындалды. Мереке достық  туралы  көңілді ән мен аяқталды. БГТК – ның музыка бөлімінің студенттері шағын концерт ұйымдастырды.