2012 жылға Балқаш қаласы бойынша «Балапан» бағдарламасының орындалуы туралы

Дата: 2012-11-08 04:04:20

 

Білім беру жүйесінің 1 деңгейі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамыту Балқаш қаласы бойынша аймақтық бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі.

Қалада 23 мектепке дейінгі 3500 баланы қамтыған мектепке дейінгі балалар мекемесі бар, оның ішінде:

·572 баланы қамтыған бюджеттік 4 бала бақшасы;

·1926 баланы қамтыған «Қазақмыс» корпорациясының «Дошкольник» мекемесінің 9 бала бақшасы;

·№2,5,7,9,15,17,24,25,27,2910 мектептер базасында 1002 баланы қамтыған 10 шағын орталықтар бар. 

2010 жылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды оқу-тәрбиемен қамту үшін «Балапан» Бағдарламасын іске асыру жоспары бойынша келесі:

425 орынды іс-әрекеттегі шағын орталлықтарды қосымша 17 топ;

«Дошкольник» мемкемесінде 125 орынды 5 топ;

2011 жылы №2 мектеп базасында 75 орынды жаңа шағын орталық ашылды.

Бұл шара 625 баланы қамтуға мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелер тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі меншіктік нысанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік оқыту тапсырысын орналастыру.  

Сонымен, «Қазақмыс» корпорациясы «Дошкольник» мекемесіне 90 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, оның ішінде: 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қоңырат кентінде «Айсұлу» бала бақшасында бюджеттік мекемелер қызметкерлері балаларына арналған, мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша 20 орындық топ ашылды.

Қалада жалпы білім беретін мектептер базасында қамтитын 1061 баланы құрайтын 42 топ балаларды мектепке дейінгі дайындықпен толық қамтамасыз етеді. Материалды техникалық база біршама күшейтілді: техникалық, жұмсақ, оқу-әдістемелік құралдар алынды. Мектепке дейінгі дайындық жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Барлық балалар тегін медициналық маман дәрігерлерден алдын алу шараларын қабылдайды.  Мектепке дейінгі дайындық тәрбиеленушілері жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту:

 -  2010 жылы 2 ден 5 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 3585 баланың 3205-ін, яғни:  89,4%-ды (облыстық көрсеткіш бойынша –86,4%) құрайды;

-  2012 жылдың 1 тоқсаны бойынша 2 ден 5 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 3553 баланың 3500-ін, яғни:  98,5%-ды (облыстық көрсеткіш бойынша –97,1%) құрайды;

Жыл сайын жақын аймақтардан (Ақтоғай,Шет ауданы, Приозерск, Сарышаған елді мекенді аймақтарынан) түрғындардың  көшуі және балалар тууының ұлғаюына, 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге, шағын орталықтарды жобалық күшіне сай контингентін азайтуға байланысты 3 балалар мекемесіне қажеттілік бар.  3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың бюджеттік бала бақшаларына кезегі 31.10.2012 жыл жағдайына 518 баланы құрайды.

«2011-2015 жылдарға мектепке дейінгі мекемелерді біртіндеп ендіру жоспары» мониторингісін орындауға байланысты, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалалар бағдарламасына сай, білім бөлімі бойынша келесі инвестициялық жобалар енгізілген:

-  2013-2015 жылдары- 320 орынды жаңа бала бақша құрылысын салу.

-  2016-2017 жылдары– 280 орынды жаңа бала бақша құрылысын салу.

- 2016жылы «Гүлдер» бала бақшасын қайта құру мен қалпына келтіру.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі жаңа талаптар мектепке дейінгі мекемелердегі  жұмыс структурасы мен мазмұнына өзгерістер әкелді. Материалды-техникалық база күшеюде,балаларға арналған жиһаздар алынды,ескі электр құрылғылары жаңасына ауыстырылды, жертөле, шатыр, аулаларда жөндеу жұмыстарын жасау үшін қаржы көздері қарастырылуда. 

«Қазақмыс» коропорациясы цехтары демеушілерінің көмегімен «Дошкольник» мекемесінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ойын және спорт алаңдары жабдықтандырылуда, оқу-әдістемелік құралдары алынуда. 

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде мемлекеттік стандартқа сай бағдарламаның, базистік оқу жоспарына сай барлық инвариативті,музыка, хореография мен шет тілін меңгеруге арналған  вариативті бөлімдерін орындалуы қамтамасыз етілген.

Бала бақшасы- бала өміріндегі жанұядан кейінгі екінші әлеуметтік ортасы, оған баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жауапкершілік жүктелген. Қаланың мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналарымен бірге, аталған мәселені шешу үшін «Мәдениетті тұлғаны қалыптастыру», «Рухани-адамгершілік тәрбие беру», «Дені сау бүлдіршін» және өзге де бағдарламалар табысты түрде жүзеге асырылуда. Балалар тәрбиесінде үй жағдайында бала тәрбиесімен айналысып отырған ата-аналарының құқықтық, адамгершілік жауапкершілігін арттыру, балаларды мектепке жан-жақты, толық дайындауды іске асыру мақсатында ата-аналарға психологиялық, педагогикалық және жеке кеңес беретін  «Ботақан» кеңес беру пункті ашылған.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін- физикалық және психикалық дамуында кемшіліктері бар балалар. Инклюзивті білім беру- «Ер төстік» бала бақшасында іске асырылады. Психикалық дамуы шектеулі және сөйлеуінде ақауы бар балаларға арнап 2 топ ашылған. Оқу сабақтарын жүоргізу үшін қажетті медициналық және педагогикалық штат алынған.

2011 жылы 4 бюджеттік бала бақша «Балаға мейірімді қала» жобасына қосылған. «Ер төстік», «Күншуақ», «Балдырған», «Ручеек» бақшалары түрлі бағыттағы  жаңа жобалар дайындауда.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен мазмұны өзгерді, олардың жұмысында жаңа эксперименталды алаңдар пайда болды. «Күншуақ» бала бақшасында «Көптілділік»,  №15 орта мектеп базасындағы «Таңшуақ» шағын орталығында «Көпмәдениеттілік» эксперименталды алаңдары. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сауықтыру бағдарламалары құрылған, денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде, дене шынықтыру сабақтарын жаңа әдіспен өткізу қалыптастырылған.

Білім бөлімі 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларды толық қамту мен оларға балалар бақшасы мен шағын орталықтарды дамуына жасалатын қолайлы жағдай туғызу мәселесін үнемі бақылауда ұстайды.