2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» № 983 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 мамыр 2014 жылғы №553 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №553 қаулысына, және 03 тамыз 2013 жылғы «мемлекеттік қызмет реестрлері ережелерін бекіті туралы» №779 қаулысына сәйкес, білім бөлімі бүгінгі күні 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 4-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (ары қарай ХҚО), альтернативті түрде мемлекеттік мекеме арқылы «ИИС ХҚО» көрсетіледі, олар:
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;
3. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
4. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
14 қызмет мемлекеттік қызмет Балқаш қаласының білім беру мекемелері арқылы көрсетіледі:
1. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
5. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
6. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;
7. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
8. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;
11. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;
12. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;
13. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру;
14. Келесі спорттық разрядтар мен категорияларды тағайындау: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік,екінші категориялы біліктілік санатты орта және жоғары дәрежедегі тренер, , екінші категориялы жоғары біліктілік санатты инструктор-спортшы, екінші категориялы жоғары және орта біліктілік санатты әдіскер, спорт бойынша әділқазы;
Қазіргі кезде 6 регламент дайындалып, Қарағанды облысы әкімдігінің 11 сәуір 2014 жылғы № 17/01 қаулысымен бекітілген. Қарағанды облысы Әділет басқармасында 16 мамыр 2014 жылы № 2638 тіркелген.
-Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
-Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;
-Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
-Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;
Қарағанды облысы әкімдігінің 18 тамыз 2014 жылғы «Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 43/05 қаулысына сәйкес 3 мемлекеттік қызметтің регламенті бар:
- Бастауыш, негізгі және орта білім беру;
-Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
-Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
Қарағанды облысы әкімдігінің 16 қыркүйек 2014 жылғы №48/06 «Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына сай, Қарағанды облысы Әділет басқармасында 24 қыркүйек 2014 жылы № 2769 тіркелген 5 мемлекеттік қызметтің регламенті бекітілген.
-Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
-Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
-Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
-Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
-Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
Қалған 4 мемлекеттік қызмет регламенті дайындалу үстінде.
2014 жылы білім бөлімі 8519 мемлекеттік қызмет көрсетті, мемлекеттік мекеме арқылы-7493, ҚКО арқылы-1026;
Мемлекеттік қызмет алу реті бөлімнің мемлекеттік қызмет сайтына жарияланған.
Бөлім мемлекеттік қызмет жайлы 3 семинар, дөңгелек стол ұйымдастырды.
Қалалық БАҚ мемлекеттік қызмет жайлы 8 ақпарат жарияланған.
2014 жылы ТМД, алыс, жақын шет елдерге тұрғылықты мекенжайға 18 рұқсат берілді. Білім бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден шағым мен кемшілктер тіркелген жоқ.