Размер шрифта:

2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жайлы ақпарат

Дата: 2015-01-24 06:30:52

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» № 983 қаулысына,    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 мамыр 2014 жылғы №553 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №553 қаулысына, және 03 тамыз 2013 жылғы «мемлекеттік қызмет реестрлері ережелерін бекіті туралы» №779 қаулысына сәйкес, білім бөлімі бүгінгі күні 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 4-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (ары қарай ХҚО), альтернативті түрде мемлекеттік мекеме арқылы «ИИС ХҚО» көрсетіледі, олар:

1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

3. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

4. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

14 қызмет мемлекеттік қызмет Балқаш қаласының білім беру мекемелері арқылы көрсетіледі:

1. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

5. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

6. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;

7. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

8. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;

10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;

11. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

12. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;

13. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру;

14. Келесі спорттық разрядтар мен категорияларды тағайындау: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік,екінші категориялы біліктілік санатты орта және жоғары дәрежедегі тренер, , екінші категориялы жоғары біліктілік санатты инструктор-спортшы, екінші категориялы жоғары және орта біліктілік санатты әдіскер, спорт бойынша әділқазы;

Қазіргі кезде 6 регламент дайындалып, Қарағанды облысы әкімдігінің 11 сәуір 2014 жылғы № 17/01 қаулысымен бекітілген. Қарағанды облысы Әділет басқармасында 16 мамыр 2014 жылы № 2638 тіркелген.

-Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

-Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

-Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

-Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;

Қарағанды облысы әкімдігінің 18 тамыз 2014 жылғы «Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 43/05 қаулысына сәйкес 3 мемлекеттік қызметтің регламенті бар:

-    Бастауыш, негізгі және орта білім беру;   

-Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;

-Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;

Қарағанды облысы әкімдігінің 16 қыркүйек  2014 жылғы №48/06 «Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына сай, Қарағанды облысы Әділет басқармасында 24 қыркүйек 2014 жылы № 2769 тіркелген 5 мемлекеттік қызметтің  регламенті бекітілген. 

-Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;      

-Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

-Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

-Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

-Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

Қалған 4 мемлекеттік қызмет регламенті дайындалу үстінде.

2014 жылы білім бөлімі 8519 мемлекеттік қызмет көрсетті, мемлекеттік мекеме арқылы-7493, ҚКО арқылы-1026;

Мемлекеттік қызмет алу реті бөлімнің мемлекеттік қызмет сайтына жарияланған.

Бөлім мемлекеттік қызмет жайлы 3 семинар, дөңгелек стол ұйымдастырды.

Қалалық БАҚ мемлекеттік қызмет жайлы 8 ақпарат жарияланған.

2014 жылы ТМД, алыс, жақын шет елдерге тұрғылықты мекенжайға 18 рұқсат берілді.  Білім бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден шағым мен кемшілктер тіркелген жоқ.