«Балқаш қаласының білім дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қорғаншылық (қамқоршылық) ұйымының атқарған жұмысы жайлы ақпарат

Дата: 2014-11-17 06:32:42

 

Жетімдік адамзат қоғамымен бірге әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасып, өркениеттің бөлінбес бөлшегіне айналған.

Анықтама:

01.11.2014 жылға қалада:

221 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, соның ішінде:

194-қорғаншылық (қамқорлықта);

7- патронаттық тәрбиеде;

20-Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде;

 

 

Мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлығына алуға, оларды асырап сақтауға аз емес қаржы бөлуге тиісті, алайда, балаларды отбасыдан бөлек немесе жаңа отбасында (балалар мен ата-аналар арасында генетикалық байланыс болмаған жағдайда, қорғаншылар мен жаңа  отбасыларында) әлеуметтендіру үлкен мәселе болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.08.2011 жылғы №893 қаулысымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған азаматтарды ынталандыру мақсатында материалды көмек енгізілді.  2011 жылдың наурызынан бастап қорғаншыларға (қамқоршыларға) 10АЕК есебінде жәрдемақы төленеді. (бүгінгі күн бұл сома 1 балаға 18520 тенгені құрайды)

 

Анықтама:

Из 194 аталған категориядағы балалардың 185-і 18520 тенге көлемінде жәрдемақы алады, 9 алмайды, 7-қорғаншылық ата-анасының келісімімен, 2 ата-анасы Бостандықтан айыру мекемесінен оралған.  

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыстың негізгі мазмұны олардық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қалыптасуға қолдау жасау, еңбекпен қамту және тұрғын үймен қамтамасыз ету.  

Облыс әкімінің 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай,                  30 пәтер бөлінді(100%).

 

Анықтама:

2011ж. – 10 пәтер

2012ж. – 15пәтер

2013ж. – 5пәтер

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту туралы 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай,                  40 пәтер бөлу қарастырылған.

 

Анықтама:

2014ж. – 2 пәтер

2015ж. – 15пәтер

2016ж. – 23 пәтер

 

 ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сай, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  қорғаудың келесі формалары қарастырылған:

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық  -ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың ең тиімді әдісі. 

Анықтама:

2013 жылы 28 бала анықталды:

  17 қорғаншылық тағайындалды;

 11 қамқоршылық тағайындалды;

2014 жылдың 10 айында 28 бала анықталды:

  21 қорғаншылық тағайындалды;

  7 қамқоршылық тағайындалды;

 

Бала асырап алушы отбасы(патронат)

Балқаш қаласында 2 патронат тәрбиеші бар:

Мукашева Жанагуль, өзінің 3 баласы бола 5 баланы тәрбиелеп отыр. (4 ұл Қарағанды қаласының «Құлыншақ» балалар үйінен, қыз бала Балқаш қаласының балалар үйінен)

Танцурина Валентина ата-аналық құқығынан айырылған азаматшаның 2 қызын тәрбиелеп отыр.

Екі патронат тәрбиешінің де педагогикалық білімі бар, еңбекақы алады. Бала(ұл,қыз) асырап алу– туған баламен бірдей тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін тәрбиеге алу формасы.

Анықтама:

2013 асырап алынды: 16 бала,оның 4-і ҚР азаматтары (туыс емес)

2014 жылдың 10 айында 17 бала, оның 6-ы ҚР азаматтары (туыс емес)

Қорғаншылық (қамқоршылық) ұйымында бала аырап алуға ниет білдірген азаматтардың мәліметтер базасы бар. Үміткерлер кеңестер, ұсыныстар алады, мүмкіндігі мен ниеттері болған жағдайда Қарағанда қаласының Балалар үйіне бала асырап алу үшін бара алады.

4.Қонақжай отбасы-мекемелердегі балалар үшін каникул мен демалыс күндері уақытша отбасын ауыстыратын форманың бірі. Балқаш қаласында Балалар үйінің балаларын қонақжай отбасыларына беру ісі жүргізіледі. Қазіргі кезде сондай отбасы саны-7.

Сонымен бірге жыл сайын Қорғаншылар күні, Ризашылық, Отбасы күні, Балалардың құқығын қорғау күні мерекелеріне арналған іс-шаралар өткізіледі.