«Білім беру жүйесін жаңғырту—адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты Балқаш қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз интернет – конференциясы
Дата: 2012-08-24 03:34:22
2012 жылдың 16 тамызда №2 Абай атындағы лицейде білім беру қызметкерлерінің иитернет – конференциясы өтті. Конференцияға қатысқандар:
· Қала әкімі – Н.Е.Әубәкіров;
· Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің білім жетілдіру институтының директоры С.С. Контаев;
· Балқаш қаласының мәслихат хатшысы – Қ.Т.Рахимберлина;
· Педагогтық актив;
· БАҚ өкілдері.
Тамыз интернет – конференциясына қатысушыларды қала әкімі Н.Е.Әубәкіров құттықтады.
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің білім жетілдіру институтының директоры С.С. Контаевтың құттықтау сөзі тыңдалды.
Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Т. Рахимберлина педагогикалық қауымды жаңа оқу жылының басталуымен және конференцияның ашылу сәтімен құттықтады.
Тамыз конференциясы қала әкімі Н.Е.Әубәкіровтің басқаруымен өтті.
«Білім беру жүйесін жаңғырту—адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты баяндаманы қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Г.Ж.Ағдарбекова оқыды.
Конференция мақсаты: білім беру жүйесі мен азаматтық қоғам арасында берік серіктестікті дамыту, мұғалімдердің шығармашылық ізденісін жүйелеу, педагогикалық инновацияны жетілдіру.
Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы өз баяндамасында қаладағы білім беру жүйесіне талдау жасады, проблемаларды айқындап, олардың шешу жолдарын атап көрсетті. 2012-2013 оқу жылының басты бағыттарын және келешек мақсаттарын белгіледі.
Баяндамаға қосымша:
v «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесіне көптілді оқыту бойынша эксперименталды тәжірибелік алаң жұмысын ұйымдастыру шеңберінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу». Б.Г. Жаникенова - «Күншуақ» балабақшасының әдіскері;
v«E-learning - электронды оқу арқылы оқу мен тәрбиенің сапасын нығайтудың инновациялық жолы». Л.Н. Климкина - №17 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
v«Биоақпараттандыру және синергетика жаңа оқу технологиясының білім сапасын арттырудағы ықпалы». Зейнетулина Т.К. - №7 мектеп-гимназиясының технологы;
v «Азаматтық-патриоттық тәрбие – тұлғаны қалыптастырудың маңызды бөлігі». Садвокасова О.К. Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
Қала әкімі Н.Е. Аубакировтың басқаруымен өткен тамыз кеңесінің аяқталу салтанатында білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ғ.Ә.Мусабекова білім беру мекемелерінің педагогтар мен басшыларына тамыз кеңесінің ұсыныстар жобасын ұсынды.
Балқаш қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз интернет – конференциясы марапаттау салтанатымен аяқталды:
1. Облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен;
2. Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен;
3. Қала әкімінің Құрмет грамотасымен;
4. Қала әкімінің Алғыс хатымен;
5. Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен.
an st�,�'s�|�/n:yes'> заместитель директора по учебной работе, СШ №17;