«Жол картасы- 2010» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы.

Дата: 2012-05-31 11:42:33

2010 жылы Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   бастамасымен  қолға алынған  «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы өз жалғасын тапты.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасына  Балқаш қаласы бойынша  10 білім беру нысандары алынды: № 1 орта мектеп, Абай атындағы № 2 лицей,  № 5 орта мектеп, № 7 мектеп-гимназия, № 16,17,18,25 орта мектептер,№2 мектеп-интернат, «Жекпе-жек» спорт клубы. «Жекпе-жек» спорт клубының қызметі  оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыруды және  балалар мен жасөспірімдерді салауатты  өмір салтына тартуға ықпалын тигізеді. 2010 жылдың 11-ші қыркүйегінде «Жекпе-жек» спорт клубы  594 баланың   спорттық секцияларға  қатысуына есігін айқара ашты.

Ағымдағы жөндеу  жұмыстары «Жекпе-жек» спорт клубында, № 1,5 орта мектептер мен № 7 мектеп-гимназияда  жүргізілді.

Абай атындағы № 2 лицей, № 16,17,18,25 орта мектептер мен № 2 мектеп-интернатта  күрделі  жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

Бөлінген  қаржының жалпы көлемі 177179,31 мың.теңгені құрайды. 10 білім беру нысандарында 281 жұмыс орны құрылды, оның ішінде  199 адам  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуге алынған адамдар.

Білім беру ұйымдарының атауы

 Бөлінген қаржы

 Жүргізілген жұмыс түрлері

 Құрылған жұмыс орындарының саны

 ЖҚжӘББ-нен жұмысқа қабылданғандар

 Мердігер, директор

1.

 «Жекпе-жек» спорт клубы

17782,31

Жылу жүйесі, су құбырларын жөндеу: су құбырларын , орталық жылу жүйесін полиэтиленді құбырлармен  қаптау,сантехникалық жұмыстар.

2. Ішкі әрлеу жұмыстары: еден  салу, терезе, есік, жақтауларын  орналастыру, металл есіктер  орнату, еден мен қабырғаларға кафель жапсыру, линолеум төсеу,1-ші қабат пен  жертөле арасындағы  қоршауды күшейту, ішкі жарықтандыру жұмыстары;

25

18

«Бакс- ЛТД» ЖШС

Туякаев Б.Б.

2.

М.Горький атындағы № 1 орта мектеп

8892,0

1.Ішкі әрлеу жұмыстары:-акт залын жөндеу;

- терезелерді  ауыстыру- ПВХ-дан есік жақтауларын орналастыру, водоэмульсиямен  қабырғаларды сырлау; едендерге линолеум төсеу, № 30 кабинеттің жөндеу жұмысы(балканы ауыстыру, төбені жөндеу).

- фойені жөндеу  (1 қабат)

- дәлізді  жөндеу (1 қабат) жұмыстары;

- асхана менас блогын жөндеу;

- желдетуді қайта қалыпқа келтіру;

16

11

Бакс- ЛТД» ЖШС

Туякаев Б.Б

3.

Абай атындағы № 2 лицей

50000,0

1.Ішкі әрлеу жұмыстары:

- ПВХ-дан терезе жақтауларын қою;

- асхана, ас блогын жөндеу, киім ілетін бөлмеде перегородка салу;

- сатыларды жөндеу;

- кабинеттерді жөндеу;

- 1-ші қабаттың холлын жөндеу;

2. Мектеп ауласын абаттандыру, алаңды көгалдандыру;

- жолдарды  асфальттау және брусчаткамен қаптау;

- спорт алаңын құру- 3252 кв.м

68

48

«Балқаш жібек жолы» ЖШС

Қасымбеков С.Т.

4.

Ф.Э.Дзержинский атындағы № 5 орта мектеп

 7000,0

1.Мектеп ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу

2.Сантехникалық жұмыстар

15

11

Балқаш жібек жолы» ЖШС

Қасымбеков С.Т.

5.

С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназия

12    000,0

1.Канализацияның ішкі желілерін ,ішкі сантехникалық желілерді жөндеу (кейбір жерлерде жылу жүйесін, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесін)

20

14

Балқаш жібек жолы» ЖШС

Қасымбеков С.Т.

6.

№16 орта мектеп

18300,0

1.Ішкі әрлеу жұмыстары:

- спорт залды жөндеу:

ПВХ-дан терезе лер   қою;

-асхананы жөндеу;

-киім ілетін орынды жөндеу, 1-ші қабат

-  мектептің қасбетін жөндеу;

- ПВХ-дан терезе жақтауларын ауыстыру;(кейбір жерлерде)

27

19

«Монолит ХХI» ЖШС- Сериков Ж.М.

7.

В.Маяковский атындағы № 17 орта мектеп

 6005,0

1.Мектеп шатырын күрделі жөндеуден өткізу:

-цементтен құйылған қабатты түзету;

- бетонды парапеттерді қалыпқа келтіру;

2. Канализация- ішкі желілер:

- ыстық және суық сумен қамтамасыз ету;

18

13

ЖК Сокульский А.Л.

8.

 № 18 орта мектеп

12200,0

1.Сантехникалық жұмыстар:

-Жылу жүйесі, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету;

- канализация

2. Ішкі әрлеу жұмыстары:

Фойені күрделі жөндеуден өткізу; дәретхана бөлмелерін жөндеу (шыныларды ауыстыру),

Кіре беріс есіктерін орналастыру;

Жалпы құрылыс жұмыстары;

21

15

ЖК Ким В.Е.

9.

Ы.Алтынсарин атындағы № 25 орта мектеп

 10 000,0

1.Мектеп шатырын күрделі жөндеуден өткізу,

2. Кейбір жерлерде  терезе жақтауларын ауыстыру;

3. Сантехникалық жұмыстар

27

19

Балқаш жібек жолы» ЖШС

Қасымбеков С.Т.

10.

М.П.Русаков атындағы № 2 мектеп-интернат

35000,0

1.      Мектеп қасбетін жөндеу (оқу корпусы)

2.      Жылу жүйесін, ыстық және суық сумен қамтамасыз  ету желілерін жөндеу;

3.      Ішкі әрлеу жұмыстары: жатақхананың 2,3 қабаттары

44

31

«Монолит ХХI» ЖШС, Сериков Ж.М.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында  келесі  мамандықтар бойынша 30 адам оқудан өтті: сылақшы- әрлеуші- 8 адам, балқытушы- 3 адам, плита салушы- 13 адам, 281 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 199  адам  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған адамдар.

Байқау құжаттарына  сәйкес, № 2 қосымша (сатып алынатын жұмыс түрлерінің техникалық спецификасы), құрылыс материалдары мен  жабдықтар көп деңгейде отандық  өндірушілерден алынды, бұл 77%-ды құрайды.

Жөндеу  жұмыстарының   жүргізілуі кезінде  тапсырыс берушінің, білім бөлім  бастығының,  қалалық маслихаттың депутаттары және  қала әкімінің, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық пост бақылау мүшелері  тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырылды.

Жөндеу жұмыстары  бекітілген желілік кестеге сәйкес  өз уақытында , яғни, 2010 жылдың 10 тамызында толық аяқталды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша  жөндеу жұмыстары  аяқталғаннан кейін  білім беру ұйымдарымен нысандарды пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік актілер тапсырылды.