Тіл-достықтың дәнекері

Дата: 2012-05-11 05:42:01

 

      Қазақстан  халықтарының достығы мерекесін тойлау қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы ЖМ «Дошкольник БГМК» филиалының «Таңшолпан» балабақшасы шетелден келген қонақтарды қарсы алды.

Қазақстандағы Польша халық республикасының елшілігінен келген Бартош Яблоньский, Анджей Стэфаньский, Виталий Хмелевский мырзалар 7-мамыр күні  балабақша тәрбиеленушілеріне сыйлықтарын ала келді. Қонақтардың жүрегін «Таңшолпан» балалары  Поляк халық әнімен алдыңғы жылдың қыркүйек айында жаулап алған болатын.

Көңілді, жайдарлы мамыр мерекесінің бағдарламасы үш тілде өтті (қазақ, орыс, поляк), балалар жатқа өлең оқып, ән шырқап, «Үйшік» орыс халық ертегісін поляк тілінде сахналап көрсетті. Қонақтар бұл мерекеден өте ризашылықпен, жақсы көңіл-күймен қайтты.