Размер шрифта:

Балқаш қаласы бойынша 2013 жылы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуы туралы

Дата: 2014-01-21 07:08:47

Қаланың білім беру жүйесі Стратегия-2050, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталған.

Қаланың білім жүйесінің бюджеті 2013 жылы 2 млрд. 501млн.  882 мың  теңгені, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен 2 млрд. 294 млн. 435 мың. теңгені құрады. 

Қала аймағында 19 (2012 жылы - 20) мемлекеттік білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Білім беру жүйесінде келесі өзгерістер болды: Оқушылар сарайының типтік ғимаратында орналасқан №18 орта мектебі жабылды.

Білім бөлімінің бұйрығымен №18 орта мектеп оқушылары толық құжаттарымен келесі мектептерге ауыстырылды. №2 орта мектепке- 2 «Ә» сыныбы (26 оқушы), 3 «А» сыныбы (49 оқушы), 4 «Ә» сыныбы (25 оқушы);

№8орта мектепке– 317;

  №15орта мектепке- 2 «А» сыныбы(24 оқушы);

№16орта мектепке– 3«А»сыныбы(24оқушы), 4 «А» сыныбы(22оқушы).

5-11 сыныптардың 37 оқушысы ата-аналарының қалауымен №2 лицейге, №7 мектеп гимназиясына, №15,16 мектептерге ауысты.

01.09.2013 жыл жағдайына №18 орта мектептің 61 қызметкерінің 49 педагогы №8 орта мектебіне ауыстырылды, 7 педагог бастауыш сыныптарымен бөлінді, 5 педагог бала күтіміне байланысты демалыста.

Білім беру саласындағы негізгі бағыттарының бірі-оның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Қалада үш кезекпен оқытылу жоқ.

Апатты жағдайдағы мектеп жоқ.

 2013 жылы жергілікті бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 89,4 млн.теңге  ( 2012 жылы – 34,7 млн.теңге) бөлінді, 2012 жылға қарағанда 257% ға артық.  

          Өнер мектебіне сомасы 52,8 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді;

  • Жалпы типті мектеп интернаты мен «Балдырган» балабақшасына сомасы  20,3 млн.теңгеге электромонтаждау жұмыстары жүргізілді;
  • №4 орта мектепте сомасы2,6 млн.теңгеге көшені жарықтандыру орналастырылды;
  • №9 орта мектепте сомасы 5 млн.теңгеге жылу жүйесінің жоғары таратып құюына жөндеу жұмысы жүргізілді;
  • №29орта мектепте сомаға шатыр жөнделді;

Білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшінқұрылыс материалдарын алуға  3,8  млн.тенгебөлінді.

Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі мектепке дейінгі сапалы білім алуға мүмкіндік жасау.

 «Балапан» бағдарламасын іске асыру барысында 2 ден 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі біліммен қамту  99,5%-ды,3тен6жасқа дейінгі балалардың100%-ын қамтиды.

2013-2014оқу жылының басында№15 орта мектептің шағын орталығында 40 орындық қосымша топ ашылды.

     Мектеп базаларындағы 10 шағын орталықтарда 1042 баланы қамтыған 41 топ жұмыс істейді.

Қалада қысқартылған күн бойына арналған 2 шағын орталық(20%)  Гүлшат кентінің №27бастауыш мектебі мен Саяқ кентінің №29мектебі). Шағын орталықтарды толық күн бойы болуға ауыстыру мүмкін емес, себебі аталған мектептерде асхана блоктары жоқ.

Мемлекеттік білім беру стандарттарына сай барлық бала бақшалар мен шағын орталықтарды қазақ және ағылшын тілдерін ерте меңгеру іске асырылады. Қаладағы 11 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тілді оқыту 11 оқытушы сабақ беретін 950 баланы қамтыған.

Мектепке дейінгі мекемелердің кадрлық құрамы  248 педагогты құрайды:

  • Жоғары мектепке дейінгі білім-27 %;
  • Арнайы орта– 66%;

Оның ішінде:

  • Жоғары біліктілік санатты– 12 %; 
  • Бірінші санатты– 35%;
  • Екінші санатты– 38%.

Педагогтардың сапалық құрамын жақсару бойынша келесі жүйелі жұмыстар атқарылады:

  • Жыл бойына біліктілік көтеру курсынан 98 педагог өтті;
  • Облыстық, қалалық деңгейде практикалық танымдық семинарлар өткізіледі;
  • Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығымен бірге тәжірибе алмасу алаңдары өткізіледі;
  • Педагогтар облыстық, республикалық семинарларға қатысады.

Балаларды мектепке дейінгі оқыту, тәрбиелеумен қамтуды ұлғайту шараларына қарамастан бірнеше мәселер  туындайды.

Балалардың жыл сайынғы туу көрсеткіштерінің өсуіне байланысты бүгінгі күні мектепке дейінгі білім мекемелеріне 2 ден 6 жасқа дейінгі балалардың кезегі 824-ті құрайды.

Сонымен бірге топтарда балалардың шамадан тыс артуы байқалады, орта есеппен 100 орынға 107 бала келеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтуды ұлғайту құрылыс есебінен жоспарланған:

  • 2014 жылы 320 орындық жаңа бала бақшасын салу;
  • 2018 жылы 280 орындық жаңа бала бақшасын салу;
  • 2017 жылы 210 орындық  «Гулдер»  бала бақшасына күрделі жөндеу жүргізу.

 

Анықтама

Білім беру басқармасына 320 орындық бала бақша құрылысына қажетті құжаттар ұсынылған. Жер пайдалану актісі, мемлекеттік сараптама қорытындысы бар, жобалық сметалық құжаттар бар2013 жылдың13 наурызының№ 6-17/1063шығыстық хатымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы департаментіне республикалық бюджеттен қаржы бөлу турал сұранысы ұсынылған.

  • Балқаш қаласын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына 2018 жылы 280 орындық бала бақша құрылысын салу, 2017 жылы келешекте білім бөліміне берілетін 210 орындық  «Гулдер»  бала бақшасына күрделі жөндеу жүргізудің(қазірге кезде №2 поликлиника орналасқан) инвестициялық жобасы енгізілген.

 

 

Мүмкіндігі шектеулі және түрлі патологиядағы балаларды түзету үшін, «Ер Төстік» бала бақшасында инклюзивті оқытудың 2 тобы ашылған: 12 бала (сөйлеу кемшіліктерімен), 12 бала (психикалық дамуы тежелген)  2014 жылдан бастап 8 магнитті мектеп бекітілген №1 орта мектеп инклюзивті оқыту бойынша тәжірибелік алаңға еніп отыр.

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысымен 4 мекемеде  (№1,4,5,8 орта мектептерде) 6 бала оқиды.

 10 білім беру мекемелерінде денсаулығы мен түрлі дене ерекшеліктеріне байланысты білім беру үрдісіне қатысуға тең дәрежеде мүмкіндік туғызатын пандустар бар.

Жыл аяғына компьютерлікпарк  1717 машинаны құрайды, 2012 жылға қарағанда 19 машинаға артық.

Бір компьютерге келетін 6,3 бала 6,2 ге кеміді, 94 машина ауыстыруды талап етеді. (5,5%).

Кеңжолақты Интернетке қосылу 100%-ды құрайды.

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамту - 55,5%-ды құрайды.

  қала мектептерін жаңа жас ерекшеліктеріне байланысты жиһазбен қамту80%-ды құрайды.

         Мектеп жиһаздарын  100% ауыстыру үшін 72 сынып кешеніне арналған қосымша қаржы бөлінуі керек. 

 2013 жылы жергілікті бюджеттен жалпыға бірдей білім беру қорының шығынына56,7 млн.теңгебөлінді,  орта есеппен жыл бойына білім мекемелеріне бөлінген шығынның  3%-ын құрайды.  2012 жылмен салстырғанда бөлінген қаржы35,4 млн. тенгеге артқан.(1,7%).

Бүгінгі күні тегін ыстық тамақпен азқамсыздандырылған, көпбалалы отбасы балалары100%қамтылған.(1114 оқушы). 

Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінетін қаржы29,7 млн. теңге.

Оқулықпен қамтамасыз ету

  • 2012 жыл -  100% (35,3 млн. теңгеге 1,8 сынып оқулықтары ауыстырылған)
  • 2013 жыл – 100% 20,5 млн. теңңңгеге 2,9 сынып оқулықтары ауыстырылған)

Оқулықтармен қамтамасыз ету ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу жылына білім мекемелеріне пайдалануға рұқсат берген, Оқу-әдістемелік орталығының тізімі мен қорлануға сәйкес орындалады. 

1 сыныптан бастап ағылшын тілін ерте үйрену үшін 100%«Кэмбридж» баспасының оқулықтары алынған.

Қаланың барлық оқушылары  контингент бойынша оқу-әдістемелік кешені мен жаңа буын оқулықтарымен толық (100%) қамтамасыз етілген.

Барлық білім беру мекемелерінде балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылдан бастап 154 видео камера орнатылған.

Қарағанды облысы әкімінің 10.04.2011 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай, 30 пәтер бөлу жоспарланған.

Анықтама:

2011ж. – 10 пәтер

2012ж. – 15 пәтер

2013ж. – 5 пәтер

 

         3 жыл қорытындысы бойынша:

  •  2011 жылыҚараменде би-74 көшесіндегі қайтадан қалпына келтірілген үйден12 пәтер;
  • 2012 жылдың желтоқсанында Қоңырат кенті Новорудная көшесі-20 қайтадан қалпына келтірілген үйден1 пәтер;
  •   2013жылдың қазан айындаҚала күні мерекесіне орай 45 пәтерлік жаңа үйден 15 пәтер бөлінді.
  •  2013 жылдың желтоқсан айында: Мухамеджанов ықшам ауданы 20А-50 және 3  ықшам аудан 9-78 мекенжайларынан 2 пәтер бөлінді.

         01.01.2014 жыл жағдайына 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспар  100%-ға орындалды(30 пәтер).

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай2014-2016 жылдары 40 пәтер бөлу жоспарланған.

Анықтама:

2014ж. – 2 пәтер

2015ж. – 15 пәтер

2016ж. – 23 пәтер

 

        

Білім беру деңгейінің көрсеткіші оқушылардың облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болуы.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадалық команда мен ғылыми жобалар жарысынан  кейінгі бес жыл бойына үздік олимпиадалық команда деген атақты ұстап келеді (2 орын).

 2013 жылы облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 38 медаль жеңіп алды, оның 4-і 1 орын.

Сонымен бірге, қала оқушылары спорттық жарыстар мен облыстық, республикалық деңгейдегі фестивальдар мен конкурстарға белсене қатысады.

Жаңа оқу жылының басына педагог кадрларына сұраныс 10 адамды құрады. Қазіргі кезде барлық мектептер қажетті кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

Қаладағы педагогтар саны-1065 адам, оның ішінде, жоғары санатты-46,6% (жоғары -205, бірінші -292), 2012 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары.

Биыл 45 жас маман қабылданды.(2012 жылы– 35).

 2012жылдан бастап қала мектептерінің педагогтары жаңа форматты курстан өте бастады.  

Бүгінгі күні Кембридж университетінің 3 айлық бағдарлама курсынан 46 педагог өтті.  2014 жылы деңгейлік курстан 33 педагогтың өтуі жоспарлануда.  

Қазіргі уақытта «Назарбаев интеллектуалды мектептері» АҚ педагогикалық шеберлік орталығында 1 басшы біліктілік курсынан өтуде. 2014 жылы аталған курстан 4 басшы өтпекші.

Оқушылар білімнің сапа көрсеткіші- ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы. Қорытынды сараптамасы қала әкімінің кеңейтілген отырысында талқыланған.

ҰБТ-2013 қорытындысына білім бөлімінің кеңесінде, мектептердің педагогикалық кеңесінде сараптама жасалды. Анықталған кемшіліктерді жою туралы іс-шаралар дайындалып, бекітілді.

Оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда мәселелі сұрақтары пән мұғалімдерінің оқу әдістемелік жұмысы  мен бөлімнің әдістемелік кабинетінде талқыланды.

Ағымдағы жағдайдың сараптамасы бойынша календарлық-тақырыптық жоспарлау бойынша және жаңа технологиялармен сабақ өткізу туралы оқыту семинарлары өткізілді.

 2014 жылы байқау тестілерін өткізу мақсатында жергілікті бюджеттен 345,0 тенге қаржы бөлінді.  

Қалада  100% «Білімал.  Электронды мектеп» ақпараттық білім беру жобасы енгізілді.

Бүгінгі күні діни экстремизм, лаңкестік секілді әлеуметтік қауіп-қатерлер ерекше алаңдаушылық туғызуда.

Іс-шаралар жоспары дайындалды.

 2013 жылы балалар мен жасөспірімдер ортасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша психологтар, мектептердің тәрбие ісі бойынша диреторлардың орынбасарларына арнап 4 оқыту семинары өткізілді.  

Білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарға діни бірлестіктердің ықпалынан қорғау мақсатында алдын алу тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Барлық мектептерде оқушылар бойына дін жайлы дұрыс түсінік қалыптастыратын «Дін», «Діни көшбасшылар ынтымақ пен бейбітшілік үшін күресте», «Қазіргі замандағы сенім» тақырыптарымен апта сайын саяси ақпарат беру жүйеге енген.

Қосалқы білім беру- балаға рухани-адамгершілік, интеллектуалды, эстетикалық және физикалық дамуына, оның шығармашылық, мәдени, білім алу қажеттілігін қанағаттандыратын үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі.

Қалада 4120 баланы қамтыған жалпы оқушы контингентінің 38 %-ын   3 мемлекеттік қосалқы білім беру ұйымы бар. 

Қалада 6177 баланы қамтыған 260 (2012 жылы-256) барлық оқушылар контингентінің 38,8%-ын құрайтын  үйірме ұйымдастырылған. 19 мектепте 380 баланы қамтыған ұлттық спорт секциялары жұмыс істейді. Шахматтан 480 баланы қамтыған 24 секция жұмыс істейді.

Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 8905 оқушы  «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жастар ұйымының мүшесі болып табылады.

Жол көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде 19 жас инспекторлар отряды жұмыс істейді, қамтылған бала саны-228.

Қалада 1жас техниктер станциясы жұмыс істейді, қазіргі кезде Оқушылар сарайында біреуі жұмыс істейді.

Өскелең ұрпақтың техникаға қызығушылын көбейту және ҚР «2013-2018 жылдарға ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізудің ұлттық жоспарын бекіту туралы» 15 қаңтар 2013 жылғы №10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулының   56-2 бөлімін орындау мақсатында, Оқушылар сарайында «Авиамодельдеу», «Компьютерлік жаңашылдық» үйірмелері ашылды. Жалпыға ортақ спортты дамыту үшін жалпы білім беретін мектептерді спорттық құрылғылармен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету бүгінгі күні 80%. Жыл бойы Ішкі Істер бөлімімен бірге білім бөлімі кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық мониторингісін жүргізіп отырады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша қаланың Ішкі Істер бөлімі қызмет жасайтын аймақта кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың 47%-ға азаюы байқалады, яғни, өткен жылғы 30 қылмысқа қарсы, биыл 16 қылмыстық іс тіркелген.

2013 жыл қорытындысы бойынша білім беру мекемелері оқушыларының арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері тіркелген жоқ.

Бөлімге арызданушы азаматтар саны 2012 жылға қарағанда 5% -ға азайған. (2012 ж. – 46, 2013 ж. – 44).

Облыс әкімдігі мен Білім басқармасына арыздану 2012 жылға қарағанда 3-тен 8-ге дейін өскен. (1 – №18 орта мектепті жабу бойынша), 2 – «Жекпе-жек» спорттық клубының іс-әрекеті бойынша, 1 – №4 орта мектептің мектеп бітіру кешін ұйымдастыруы бойынша, 1- типті Оқушылар сарайы ғимаратын қайтару туралы,3-№9 орта мектеп ұжымы мен шағын орталықтар жұмысы туралы) 

Барлық түскен ұсыныстар бойынша білім бөлімі, прокуратура, қаржы полициясы, білім басқармасы тарапынан қызметтік тексерулер жүргізілді, хатта көрсетілген фактілер расталған жоқ. 

Ұсыныстарды қарау бойынша заңға сай мерзімдік талаптары үнемі бөлімнің бақылауында.