Размер шрифта:

Тәрбиелік іс- шаралар

«Қыз-еркем, кестесімен көркем» атты қыздар мен аналары арасында отбасы жағдайында анасы мен қызының бірлесіп жасаған дәмді тағамдары, қолөнер бұйымдары тақырыбы аясында бейне байқау өткізілді.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-31 18:43:42
 «Қыз-еркем, кестесімен көркем» атты қыздар мен аналары арасында  отбасы жағдайында анасы мен қызының бірлесіп жасаған дәмді тағамдары, қолөнер бұйымдары  тақырыбы аясында бейне байқау өткізілді.
«Сырлас» аналар мектебінің ұйымдастырумен 21-25 қазан аралығыда «Қыз-еркем, кестесімен көркем» атты қыздар мен аналары арасында  отбасы жағдайында анасы мен қызының бірлесіп жасаған дәмді тағамдары, қолөнер бұйымдары  тақырыбы аясында бейне байқау өткізілді. Бейне байқауға 4-6 сынып оқушы  қыздары белсенділік танытып қатысты. Өздерінің анасымен бірге орында...

"Адам өміріндегі жұмыс пен еңбектің маңызы" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-28 20:46:43
26 қазан күні апталық жоспарға сәйкес 4В сынып жетекшісі Шаймерденованың ұйымдастыруымен "Адам өміріндегі жұмыс пен еңбектің маңызы" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.

«Мұражай экспонаттары не туралы айтады?» тақырыбындағы сынып сағатын қаламыздағы мұражайға саяхат жасау арқылы өткізіп, оқушыларды өлкеміздің шежіресімен, мәдени құндылықтарымен таныстырды.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-25 22:08:51
 «Мұражай экспонаттары не туралы айтады?» тақырыбындағы сынып сағатын қаламыздағы мұражайға саяхат  жасау арқылы өткізіп, оқушыларды өлкеміздің шежіресімен, мәдени құндылықтарымен таныстырды.
2021 жылдың 25 қазан күні «Абай атындағы №2мектеп- лицейі» КММ- нің 5 Б сынып жетекшісі  А.К.Кабанова мен 5 В сынып жетекшісі С.А.Ожанова   «Мұражай экспонаттары не туралы айтады?» тақырыбындағы сынып сағатын қаламыздағы мұражайға саяхат  жасау арқылы өткізіп, оқушыларды өлкеміздің шежіресімен, мәдени құндылықтарымен таныстырды. Өскелең ұрпақтың тәрбие...

Бүкіләлемдік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-23 10:27:56
Бүкіләлемдік балалар күніне арналған
2021 жылдың 20 қазанында мектепте Бүкіләлемдік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды. 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Құжат 10 негізгі принциптерді біріктіріп, өзінің түпкі мақсаты - "Балаларды бақытты...

"Күз тамашалары" сурет байқауы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-23 10:26:30
22 қазан күні 2В жетекшісі Ш.Д.Стамбекованың ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар арасында "Күз тамашалары"сурет байқауы өтті.

2 Б сыныбы «Адамға қуаныш сыйла» акциясына қатысты.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-22 10:47:24
2 Б  сыныбы «Адамға қуаныш сыйла»  акциясына қатысты.
21 қазан 2 Б  сыныбы «Адамға қуаныш сыйла»  акциясына қатысты. Акцияда оқушылар көшедегі  кісілерге, отбасындағы адамдарға тәттілер, сыйлықтар, қолдан жасаған гүлдерін сыйлап, тілектерін айтты. Оқушылар  әр адамға қуаныш сыйлаудың тәрбиелік мәнін түсінді.

6А сыныбы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-21 15:02:50
6А сыныбы
6 А сыныбы 20 минуттық кітап оқу сағатында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып, талқылады. Мазмұны мен мәні, тақырыбын аша отырып, сырт дүниемен, табиғатпен байланыстырып, ақынның мұрасының өмірге қажеттілігі  бар екеніне көз жеткізді.

9В сыныбы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-21 15:01:32
9В сыныбы
«Абай жолы»  -  Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. 9 В сыныбы құнды шығарманы оқуды қолға алды. Сен де, кітап оқы, жас оқырман!

8В сыныбы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-21 15:00:32
8В сыныбы
ХХ ғасырдың басында көлемді прозаның алғаш баспалдағын қалаған Сəбит Мұқанов болды десек қателеспейміз. Алғаш рет 1935 жылы «Адасқандар» деген атпен жарық көріп, кейін өңделіп қайта басылған «Мөлдір махаббат» романы - жазушының ғалымдардың назарын жиі аударып, көбірек тілге тиек болған туындысы. Əрбір көркем шығармаға сол дəуірдің, сол заманның өмір шындығы негіз болады...

«Тәуелсіздік-тұмарым, мәңгілік ел тұрағым» атты ерлік сабағы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-21 14:54:10
 «Тәуелсіздік-тұмарым, мәңгілік ел тұрағым»  атты ерлік сабағы
20 қазан күні 8 А сыныбында Джабаспаева Ж.Б жетекшілігімен «Тәуелсіздік-тұмарым, мәңгілік ел тұрағым»  атты ерлік сабағы өтті.  Сабақтың негізі мақсаты: Оқушылардың бойына  патриоттық  сезімін  қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа,  аталар  ерлігін  мақтан  тұта  жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған...

18 қазан күні лицейімізде мерекелік іс-шаралар өтті.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-18 18:08:26
18 қазан күні лицейімізде мерекелік  іс-шаралар өтті.
1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында өткізілген «Бүкіл әлемдік рухани келісім конгресіне» қатысушылардың бірауыздан қолдауымен, аталмыш күн – «Рухани келісім күні» болып жарияланған еді. Егемендігін алған күндерден бастап әлемге тыныштық пен бейбіт өмірді сүйетіндігімен танылған Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны ерекше екендігі сөзсіз. Осы мереке аясында...

«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өткізілді.

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2021-10-18 14:28:06
«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өткізілді.
Қазанның 16 күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың  қадағалаусыз, қараусыз жүруінің алдын алу, бала еңбегін қанаудың алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында лицей мұғалімдерінің  қатысуымен «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өткізілді. Рейдтік шара барысында қала көшелері толық араланып, барлық кафе, дүкен, түнгі клубтарға рейд жүргізілді....

бiрiншiсi 1 35 36 37 38 39 55 соңғысы