ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2022

Жұқпалы аурудың алдын алу

Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2023-11-30 12:16:49
27.11.2023 күні 5 Б сыныбында “Жұқпалы аурудың алдын алу”тақырыбында сынып сағаты өтті. Тәрбие сабағының тақырыбы: Жұқпалы аурудың алдын алу Тәрбие сабағының мақсаты: Оқушыларға тұмау туралы түсіндіріп, тұмау туралы баяндау және оның адам ағзасына әкелетін аурулардан алдын ала сақтану. Оқушылардың спортқа, еңбекке, тазалыққа баулу.

2 “Б” сыныбында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша “Әкеге - ізет, анаға - құрмет” тақырыбында сынып сағаты өтті

Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2023-11-27 15:31:57
2 “Б” сыныбында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша “Әкеге - ізет, анаға - құрмет” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: әке мен ананы құрметтеу, еңбектерін бағалай білу. Оқушылар сабақ барысында топқа бөлініп, тақырып негізінде ойларымен бөлісе отырып, түрлі тапсырмаларды қызыға орындады. Сынып жетекшісі: Разахберлі А. Қ.

Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағдарлау мақсатында "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС кәсіпорнына өндірістік саяхат жасады.

Дәреже: Кәсіби бағдар
Дата: 2023-11-27 15:29:53
2023 жылдың 23 қарашасында Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағдарлау мақсатында "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС кәсіпорнына өндірістік саяхат жасады. Аталған өндіріс мыс өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорын болып табылады. Өндірісте оқушыларға кәсіпорынның тарихы, қызметі, міндеттері, қойылатын талаптар туралы теориялық сабақтар және тех...

25 қараша түркі халықтарының күні аясында 5А мен 5Б сыныбымен “Түбі бір түркілер әлемі”атты іс-шара өткізілді.

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2023-11-27 15:24:56
25 қараша түркі халықтарының күні аясында 5А мен 5Б сыныбымен “Түбі бір түркілер әлемі”атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Тарих тереңіне бойлап,түбін білуге жетелеу, Тамыры терең жатқан Түркі мәдениетінің өткені мен бүгінінен мағұлмат бере отырып,түбі бір туыстықты құрметтей білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшілер:Жолдыбаева.Н.Ж Бегімбаева.А.А

Балқаш қалалық полиия капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы , полиция аға лейтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағанбетович 7-9 сынып оқушыларына "Мектептегі тәртіп ережелері " туралы айтып өтті.

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2023-11-27 15:16:27
22- қараша күні мектебімізге Балқаш қалалық полиия капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы , полиция аға лейтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағанбетович 7-9 сынып оқушыларына "Мектептегі тәртіп ережелері " туралы айтып өтті. Мақсаты: мектеп оқушыларының мектептің , өзінің мүлкін сақтауға , мектепішілік ережелерді орындауға міндетті екенін түсіндіру.

"Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында сынып сағаты өтті.

Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2023-11-27 15:13:16
Халықаралық Отбасы күніне орай 9б сыныбында "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Отбасылық дәстүрлерді дәріптеу, оқушыларды сыпайылық пен ілтипаттылыққа баулу болды.

Облыстық "Табыс формуласы" жобасы аясында мектебіміз әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебімен жоспарлы жұмыс

Дәреже: Әдістемелік көмек
Дата: 2023-11-27 15:06:57
Облыстық "Табыс формуласы" жобасы аясында мектебіміз әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебімен жоспарлы жұмысын бастады. Жоба мақсаты: мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету және білім алушылардың үлесіне ықпал ете отырып,сапалы оқуға жетелеу. әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары сабақтарға қатысып, пән мұғалімдеріне сабақ бойынша өз ұсыныстарын...

Лессон стади іс әрекетті зерттеу бойынша пән мұғалімі Мұнайтпасова А.Е.3"Б" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Түбірлес сөздер" тақырыбында ашық сабағын өткізді.

Дәреже: Әдістемелік көмек
Дата: 2023-11-21 16:41:33
        Посмотреть эту публикацию в Instagram                       Публикация от @jbb25mektep

“ Есірткі ел қауіпсіздігіне , әлем қауіпсіздігіне төнген қатер” тақырыбында тәрбие сағаты

Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2023-11-21 16:36:06
06.11 күні 11 сынып оқушыларымен “ Есірткі ел қауіпсіздігіне , әлем қауіпсіздігіне төнген қатер” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.         Посмотреть эту публикацию в Instagram            ...

8 «А» сыныбында « 15 қараша- Ұлттық валюта күні» тақырыбында сынып сағаты

Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2023-11-21 16:35:02
20.11.2023 жылы 8 «А» сыныбында « 15 қараша- Ұлттық валюта күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.         Посмотреть э...

бiрiншiсi 1 13 14 15 16 17 122 соңғысы