9-сынып оқушылары Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты

Дата: 2024-01-15 10:48:06

2024 жылдың 03 қаңтарында кәсіби бағдар беру бойынша Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушылары Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж туралы, колледждегі мамандықтар туралы, колледжге түсу ережесі туралы кең көлемде түсінік берілді. Металл кесу, өңдеу, токарлық, тас үгіту шеберханаларымен, электротехника, материалдарды сынау, сондай-ақ химия және техникалық механика зертханаларымен таныстырды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.


#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#кәсібибағдар
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb