Размер шрифта:

Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

«Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!» тренинг-сабағының ақпары

Мектебімізде Қырқүйек айында 5 А, Ә, Б сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз! тренинг-сабағы өтті.Тренинг шаттық шеңберімен басталып оқушылар жағымды оймен бөлісті. Тренинг мақсаты: Оқушыларды психо-эмоционалды күйзелістерден сақтандыру мақсатында профилактика жүргіздім. Айналаға, қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға бағыттадым. Балалармен «Сиқырлы қобдиша», «Жіп орамы» т.б сынды жаттығулар арқылы жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу жұмыстарын жасадым.

2021-09-22 08:26:55

Скачать Смотреть

«Кәсіби қызығушылық» әдістемелері

№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.09.21 күні психолог Садуакасова Ф.Ж «Кәсіби қызығушылық» әдістемелері бойынша, балалардың мамандығын анықтау мақсатында Д.Голландтың балалардың қай мамандыққа жақын екенін анықтайтын тест жұмыстарын 8-9 сынып оқушыларына жүргізді.Мамандық таңдауға психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар берілді.

2021-09-10 20:58:45

Скачать Смотреть

Бірінші сынып оқушыларымен мектепке дайындықты анықтау мақсатында Керн- Йирасик тестілеу

Бірінші сынып оқушыларымен мектепке дайындықты анықтау мақсатында Керн- Йирасик тестісі алынды. Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.1-сыныптардан оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады. Мектепке психологиялық дайындығы әліде болса жеткіліксіз болған оқушылардың ата-аналарына сынып жетекшілер тарапынан кеңес берілді. Олардың күн тәртібін ұйымдастыру. Білімге деген құштарлығын ояту.

2021-09-10 15:30:25

Скачать Смотреть

«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық тренинг-сағат туралы ақпарат

Наурыз айында 11 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық тренинг-сағат өткізілді. Мақсаты: 11 сынып оқушыларының көңіл-күйлерін көтеру, оқушларға мамандық түрлерін, білімдерін, түсініктерін кеңейту.

2021-05-12 13:41:59

Скачать

«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» ата-ананы ҰБТ-ге психологиялық қолдау туралы ақпары

Мамыр айында 11 сынып ата-аналарына «ҰБТ-ге психологиялық дайындық» ата-ананы ҰБТ-ге психологиялық қолдау берілді.Онлайн видео-дәріс арқылы психологиялық кеңестер оқылды.

2021-05-12 13:37:04

Скачать

«ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушылардың өз-өздерін ұйымдастыруы» психологиялық кеңес беру туралы ақпары

Сәуір айында 11 сынып оқушыларына «ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушылардың өз-өздерін ұйымдастыруы» тақырыбында психологиялық кеңес берілді.

2021-05-12 13:33:54

Скачать

8 сынып оқушыларымен өткізілген «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ақпары

Сәуір айында 8 сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру,оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу.

2021-05-12 13:27:19

Скачать

«Бала тәрбиесіне байланысты жиі кездесетін кемшіліктер» ата-аналарға арналған психолог кеңесі

Наурыз айында ««Бала тәрбиесіне байланысты жиі кездесетін кемшіліктер»тақырыбында ата-аналарға психологиялық онлайн- кеңес берілді.

2021-03-17 10:19:43

Скачать Смотреть

«Әлеуметтік желінің , онлайн ойындардың зияны» ой толғау туралы ақпарат

Наурыз айында 6 сынып оқушылары «Әлеуметтік желінің , онлайн ойындардың зияны» тақырыбында ой толғау жазды. Мақсаты: ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру, - ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу, - ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, - баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау;

2021-03-17 10:14:40

Скачать Смотреть

«Әлеуметтік желіде өзін ұстау әдебі» оқушыларға арналған психолог кеңесі

Қазан айында 5-6 сынып оқушыларының Whatsapp , Instagram чатына «Әлеуметтік желіде өзін ұстау әдебі» тақырыбында видео-кеңес жіберілді. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру

2021-03-17 10:12:22

Скачать Смотреть

«Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу»тақырыбында ата-аналарға арналған психолог кеңесі

Наурыз айында 7-11 сынып ата-аналарға «Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында видео-кеңестер, үсыныстар жіберілді. Мектеп психологы ата-ана мен жасөспірімнің арасындағы қарым-қатынасы жайлы, суицидтік мінез-құлықты алдын-алу шаралары жайында айтты.

2021-03-17 10:10:21

Скачать Смотреть

«Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу»қыздар сағаты

Ақпан айында «Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында 9,10,11 сынып қыздарына психологиялық әңгіме-кеңес берілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Қыздарға ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік туралы әлеуметтік видео, қыздарға психологиялық кеңестер берілді.

2021-03-17 10:07:03

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 8 9 10 11 12 14 соңғысы