"Болашақ Отан қорғаушылар" атты спорттық жарыс

Мамыр айының 5 жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында атаулы мереке «Отан қорғаушылар» күніне орай спорттық жарыс өтті. Мерекенің ашылу салтанаты сапқа тұрған балалар маршымен басталды. Бұл спорттық жарысқа ересек «Қызғалдақ» және орта «Колокольчик» топтары қатысты. Ұйымдастырылған жарыс соңына дейін тартысты, әрі қызықты өтті. Жарыста «Доппен секіру», «Кедергіден өту», «Нысанаға дәл көзде», «Капитандар сайысы», «Қол күрестіру» сияқты жауынгерлерге тән кезеңдер болды. Әр команда жеңіске жету жолын көздеді. Топ капитандарына да арнайы дайындалған тапсырмалар болды. Біріншісі - Отан қорғаушыларға арнап тақпақ айту болса, екіншісі - қол күрестіру. Екі топтың капитандары да әр тапсырмаға белсене қатысты. Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша әр команда өздерінің әндерін орындады. Жарыстың соңында балалар жүлделі орындармен, грамоталармен марапатталды. Осылайша, екі топ бір-бірін құттықтап, мәз-мейрам болысты. Осындай Отанымыздың жас сарбаздары көп болып, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін, жерін қорғаған Отан қорғаушыларымыз жадымыздан мәңгі өшпесін!

Дата: 6.05.2016, 10:37 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»