«Менің денсаулығым-менің болашағым»

«Менің денсаулығым-менің болашағым»

«Жұлдыз» балабақшасында «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты іс шара өтті. Іс шара таңертең көңілді музыкамен балабақша ауласында басталды. Мақсаты кішкентай бүлдіршіндерді жас кезінен бастап салауатты өмір салтын сақтауға баулу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Аталмыш шараға ересек «Қызғалдақ », орта «Еркетай»топтары қатысты. Берілген тапсырмалар бойынша әр түрлі кедергілерден өтіп, бір-бірінен қалыспай жарысқан балалар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын көрсетті. Дене шынықтыру нұсқаушысы мен музыка жетекшісі балалармен әр-түрлі ойындар өткізіп көңіл-күйлерін көтерді. Мерекелік шара балалардың өте ұнатып билейтін флешмобымен аяқталды.

Дата: 11.09.2018, 15:54 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»