«Үй жануарлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Үй жануарлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

6 ақпанда «Жұлдыз» балабақшасында балабақшаның даму стратегиясының екінші бағыты бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жұмыс жоспары бойынша ересек «Қызғалдақ» тобында орыс тілінен «Үй жануарлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетілді. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі жаңа оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Педагог балалармен тығыз байланыста болып, ұйымдастырылған оқу қызметін топтық жұмыстарға бөлу арқылы өткізді.. Балаларды қатты қызықтырған автобуспен деревняға саяхат жасап Настяға жолықты. Соның нәтижесінде балалар белсенділік танытып, Настяның берген тапсырмаларын, ребустарын қызығушылықпен шешті. Шұға Жарылғасыновна интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып, өз мақсатына жетті. Сонымен қатар әртүрлі музыкалық көркемдеу, сергіту жаттығулары балалардың көңіл-күйлеріне жақсы әсер етті.