Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер

Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер

26-28 желтоқсан аралығында «Жұлдыз» балабақшасында Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті. Көтеріңкі көңіл-күймен балалар шыршаға, Аяз атаға, Мыстан әжеге арналған әсем әндерін шырқап тақпақтарын айтты. Ертеңгілікке Сайқымазақ, Аққоян, Гном,Түлкі, Мыстан әже, Мысық, Кузя сияқты кейіпкерлер қонаққа келді. Кейіпкерлеріміз балаларды мерекемен құттықтап балалармен бірге сәнді би билеп, «Қар жинау», «Колокольчик», «Кім жылдам», «Шыршаны безендіру», «Паравозик» сияқты ойындар ойнап шапшаңдықтарын көрсетті. Көп кешікпей балаларымыздың көптен күткен Аяз ата, Ақшақар да мерекеге қосылды. Топ балалары Аяз атаға, Ақшақарға арнап: «Шырша», «Шырша жыры», «Жаңа Жыл» әндерін шырқап, тақпақтарын айтып берді. Қыздарымыз Ақшақармен би билеп, ұлдарымыз Гномдар биін, Пингвин биін және Қояндар биін билеп кешімізді одан сайын қыздыра түсті. Жиналған ата-аналар мен қонақтарға балақайлар өнерлерін паш етті. Әсіресе ең басты қонақ Аяз ата әкелген сыйлықтар балаларға қатты ұнады. Бүлдіршіндер тәтті сыйлық алып мәз болысты.

 

 

 

 

Дата: 29.12.2017, 19:02 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»