Размер шрифта:

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 17.02.2014 жылы «Ауған асуларында от кешкендер» атты қаламыздың ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Балқаш қаласы  жалпы білім  беретін №24 орта мектебінде 17.02.2014 жылы  «Ауған асуларында от кешкендер» атты   қаламыздың ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Мақсаты:Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді құрметтеу, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа , өз Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Кездесуге Балқаш бекетінің тұрғыны ауған соғысының ардагері Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы келді. Мектеп оқушылары ардагерді зор құрметпен қарсы алды.Қанды соғысты басынан кешірген сарбаз интенационалистер үшін ұрыс даласынан қайтпаған жолдастарды, ағаларды  үнсіздікпен еске алды. Оқушылар ардагерге өздерінің көкейінде жатқан сұрақтарын қойып, ардагер ағамыз гитарада өнер көрсеткенде таң қалғандарын жасыра алмады.4«а» сынып оқушылары   көрсеткен саптық шеру және осы сынып оқушысы Қоңыров Дарынның өзі жазған өлеңі, үгіт- насихат тобының  көрсетілімі көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Кеш соңынан мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Мусина А.К. өз лебізін білдіріп, ардагерге мектеп ұжымы атынан сыйлық табыстады. Кеш өте қызықты өтті. 

Дата: 27.02.2014, 3:22 Автор: №24 мектеп-интернаты