Размер шрифта:

№24 орта мектебінде елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 . Бір мақсат , бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы халыққа Жолдауы бойынша жүргізілетін іс-шаралар жайлы ақпарат.

            Мақсаты: Оқушыларға 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіре отырып, өз елін , жерін құрметтеуге , елінің келешегі өздері екенін ұмытпауға тәрбиелеу, оқушыларды  саяси сауаттылыққа және дұрыс , патриоттық сезімдерін бойына қалыптастыру.

            20.01 .2014 ж 1-11 сыныптар аралығында «Қазақстан жолы -2050 . Бір  мақсат , бір  мүдде, бір  болашақ»  тақырыбында сынып сағаттары өтті.8-11 сынып оқушыларының арасында өткен  сынып сағаттарында Елбасы Жолдауы жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, оқушылар өз ойларын ашық айтып, бір-бірімен ой бөлісті. Барлық сыныптарда 100 пайыз оқушылар қатысты.

       18.01 күні  «Жолдауды қолдау!» тақырыбында  мұғалімдер қауымы , оқушылар және ата-аналар  Елбасы жолдауына пікірлерін білдірді. Жазылған пікірлер  бұқаралық ақпарат беттеріне , ВЕБ сайтқа жіберілді. Сонымен қатар «Мақтанамын жолдаумен...»  тақырыбында оқушылар шығармашылығы да жарық көрді .  Бастауыш сынып оқушылары Елбасына арналған өлең жолдарын шығарса, жоғарғы сынып оқушылары «Мақтанамын жолдаумен» тақырыбында эссе , шығармалар жазды.

          25.01 күні «Мәңгілік Ел» болу стратегиясы»   тақырыбында 8-11 сыныптар арасында пікір алмасу коучингі өтті. Қатысқан оқушы саны -35. Оқушылар  Елбасы Жолдауы жайлы ойларын, ел болашағының дамуындағы жастардың үлесін  ашық айтты.

Дата: 22.01.2014, 6:35 Автор: №24 мектеп-интернаты