Размер шрифта:

Елбасының жолдауын қолдаймыз!

Елбасының жолдауын қолдаймыз!

Бүгінгі Елбасының «Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталғанының өзінде үлкен бір мән –мағына жатыр.

  «Қазақстан 2050 стратегиясы» болашақта бізге жол көрсетер бағытымыз екенін  барлық жастар біледі.Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат.Көздеген мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасайтынымыз бізді қатты ойландырады.Жастардың  қосар үлесі мол.Бізді қуантатын жағдай ол – халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығы, ол елбасымыздың халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы.Қазір өрлеу жолында болғандықтан,  дамыған 30 елдің қатарына кіру бәсекелесі- басты мақсат.

Бойымыздағы патриоттық рух Отанға деген құрмет сезімін оятып,жастарға жігер береді. Біз Болашақ жастары осы міндеттерімізді атқаруды бір сәтте естен шығарған емеспіз.  Елбасымыздың «Мәңгілік ел»қатарынан Қазақстанның өшпес орнын табу Елбасымыздың  дұрыс саяси бағытына байланысты. Елдігіміз бен бірлігіміз шыңдалған бұл шақта Қазақстанды мәңгілік ел болып қалуына өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар дамушы елдер қатарынан инновациялық технологияларды  қолдана алатын  жаңа Қазақстан  құрамыз.Бұл жолдау біз үшін жүрегімізде үміт отын жандырды.

Жаңа Қазақстанның –болашағы біздің қолымызда.!

 

Балқаш қаласы , №24 орта мектеп оқушылар ұйымы

Дата: 19.01.2014, 7:16 Автор: Школа-интернат №24