Размер шрифта:

№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

       

Мақсаты :  Оқушылар мен жасөспірімдердің қысқы демалыс күндерін  қызықты әрі тиімді етіп өткізу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушылардың денсаулығын шыңдау  мақсатында 03.01.13  күні 1-4 сынып оқушыларымен мұз қалашығын жасау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, «айдаһар» , «тышқан» , «тасбақа» бейнелерін қардан жасады.

04.01 күні 1-4 сынып оқушылары Балқаш бекетдегі мүз айдынында «Мұз қалашығына саяхат» тақырыбында   спорттық іс-шара өтті. Іс –шараның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа , дәлдікке баулу, денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Арнайы әзірлеме бойынша ұйымдастырылған іс-шара қызықты  өтті. 

 

03-06.01.13 күндері аралығында 5-11 сынып арасында «Ақ ладья» шахматтық турнирі ұйымдастырылды. Шахматтық турнирға 25 оқушы қатысып, 1 орынды 5 «А» сынып оқушысы Бейсекеев Ануар иеленсе, 2 жүлделі орынды 2 «А» сынып оқушысы Қоныров Аңсар иеленді.

Мектебіміздің  бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде»  тақырыбында қуыршақ таетрының қойылымы өтті.  «» ертегісі оқушыларға  өте ұнады.

Әуелеген әуезді ән және мың бұралтар бимен қатар көрермендер арасында жаңа жылдық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстан үздік шыққандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Жаңа жылдық шыршаны өткізу 2 сағаттық көңіл көтеру, күлкі, әзіл және думан, қашанда артық етпес оңтайлы шаттықты қолдауды тарту етті.

Жаңа жылдық кешке  мұқият дайындалғандығын атап өткен жөн: жылтырақтармен безендірген, өлеңдер мен тақпақтар жаттаған.Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан жалпы көрермен қауымы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты.

Мектебіміздің «Жасұлан» , «Мұрагер » өзін-өзі басқару ұйымы 8-11 сынып арасында «Жаңа жылдық карнавал» ұйымдастырды. Жаңа жылдық кеше қалалық білім бөлімінің әдіскері Балапанова Ж.С қонақта болып, мектеп оқушыларға жүрек жарды тілегін айтты.Жаңа жылдық кеш өте қызықты өтті. 

Дата: 11.01.2014, 11:21 Автор: №24 мектеп-интернаты