Отбасы күніне арналған №24 орта мектебінің іс-шаралар жайлы ақпарат

Отбасы күніне арналған №24 орта мектебінің іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты:  Отбасылық құндылықтар мен жанұядағы баланың  қабілеттерінің әлеуметтік ролін қалыптастыру.

     06.09 күні «Менің отбасымның салт-дәстүрі» тақырыбында 5Б,6А сыныптарында ата-аналарымен әңгімелесу сабағы өтті. Сабақта ата-аналар және оқушылар өз отбасындағы дәстүрлі өтетін  мерекелерді қалай ұйымдастыратындықтары жайлы әңгімелесіп, ата-аналар өз ойларын , қандай қажеттілігі барын ашып айтты.

06.09 күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында 1-4 сынып аралығында отбасылық фото көрме ұйымдастырылды.

07.09 күні «Менің үйім, менің отбасым » тақырыбында  1-11 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі өтті. Сурет көрмесіне жаңа мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары белсене ат салысты.

«Отбасы біздерден басталады» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары диктант жазды.

«Біздің отбасындағы қызықты демалыс» тақырыбында информатика мұғалімі Бекмағанбетова Н.С жетекшілігімен 1-11 сынып оқушыларымен  бейнеролик  жасау сайысы өтті . Сайыста  9А сынып оқушысы Қасым Нұрай бейнеролик жасап, жеңіске жетті.

Дата: 14.09.2013, 9:52 Автор: №24 мектеп-интернаты