"Таза қала"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ ұжымы мен 7 - сынып оқушылары "Таза қала" республикалық акциясына белсенді қатысып, сенбілікті мәдениет сарайының артындағы "Жастар" скверінде өткізді.М. Хамзина.Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!           Сіздерді жалпы республикалық "Таза қала" акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.Біз бәріміз бір қалада тұрамыз! Біз оның таза, әдемі және жайлы болғанын қалаймыз!

Бұл шақыруды әріптестеріміз, мектеп оқушылары, Балқаш қаласының тұрғындары-қаламызды шын жүректен сүйетіндердің барлығы қолдайтынына үлкен үміт білдіреміз.

Сізден бастаманы қолдауыңызды және жалпы республикалық акцияға қатысуыңызды сұраймыз! Біздің ортақ үйімізді таза және әдемі етейік!

Дата: 11.04.2024, 23:14 Автор: №24 мектеп-интернаты