"Біз не білдік?"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-де 10 сәуір күні  мектепалды сыныбында "Біз не білдік?" тақырыбында сауат ашу негіздерінен қалалық ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Ұйымдастыру іс-әрекеті көңілді амандасудан басталып, "Қолшатыр", "Орнын тап",  "Сиқырлы сақа", "Суреттерді ата, буынға бөл" интерактивті ойындары, "Саққұлақ" әдістері қолданылып, "Бес саусақ" әдісі арқылы қорытындыланды. Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетіне белсене қатыса отырып, әртүрлі ойын- тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық білдірді.

Дата: 11.04.2024, 23:09 Автор: №24 мектеп-интернаты