«Кім тапқыр»

«Кім тапқыр»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы  білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумның  аясында,  2-3 сынып оқушылар арасында  «Кім тапқыр» логикалық есептер сайысы өтті.Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Жарыс  4 кезеңнен тұрды; Сұрақ -жауап, Қанша ұшбұрыш жасырын тұр? «Кім жылдам?» ойыны,  логикалық тапсырмалар. Қатысушылар  топқа бөлініп,әр топ берілген тапсырмаларды тез әрі жылдам орындады.   3 топтың арасынан 1- орынды  «Қырандар» тобы,2-орынды  «Ақылдылар» тобы, ал 3 -орынды «Тапқырлар» тобы иеленді.  Сайыс өте қызықты өтті, оқушылар  белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Дата: 14.12.2023, 22:17 Автор: №24 мектеп-интернаты