қызылша ауруының алдын - алу шараларын ұйымдастыру

 қызылша ауруының алдын - алу шараларын ұйымдастыру

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24мектеп-интернаты» КММ-де  қазіргі таңда кең таралып жатқан қызылша ауруының алдын - алу шараларын ұйымдастыру мақсатында кездесу өтті. Іс - шараға Балқаш қаласы №2 емханасының СӨС медбикесі  Мейрембаева Айнур Сериковна және мектебіміздің медбикесі Бажбенова Асия Кулуткеновна қатысып, ақпараттар беріп  және алдын - алу шараларын қалай жасау керектігі туралы айтып өтті. Қызылша— бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел.

Дата: 14.12.2023, 15:08 Автор: №24 мектеп-интернаты