"Асық ату"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты"КММ-де "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" форумы аясында 5-6 сыныптар арасында  қазақтың ұлттық "Асық ату" ойынын әкелер кеңесінің торағасы Бауымбеков Ержан Орынбайұлымен бірлесіп өткізілді. Мақсаты : *оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа үйрету;

*Балалардың төзімділікке, шыдамдылыққа үйрету;

*Оқушылардың ой-өрісін,ептілік,мергендік,шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Асық ату ойынына 6 топ қатысып, үздік деген 3 топтың оқушыларын 1,2,3 орын дипломдарымен мадақталды. Ойын өте қызықты өтті, оқушылар белсене қатысып, өз шапшаңдықтарын көрсетті.

Дата: 14.12.2023, 14:46 Автор: №24 мектеп-интернаты