"Қазақстандағы код сағаты" акциясы

"Қазақстандағы код сағаты" акциясы

             «Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің   «№ 24 мектеп-интернаты» КММ –де  Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" аясында өткізіліп жатқан "Қазақстандағы код сағаты" республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. 

Сынып сағаттарының өткізудің негізгі мақсаты ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылықты арттыру болды.Оқушылар суреттерін жасанды интеллект арқылы жақсартып, арнайы тану бағдарламаларын қолданып көрді. Жасанды интеллект үшін тапсырмалар беруге тырысты. Code.org платформасында тапырмаларды орындады.Сабақ соңында қатысушыларға сабақты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.#KZHourOfCode2023

Дата: 13.12.2023, 22:26 Автор: №24 мектеп-интернаты