"Мамандықтың бәрі жақсы"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-і жанындағы интернатта тәрбиешілердің ұйымдастыруымен  7-8 сынып тәрбиеленушілері арасында "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шағын театрландырылған  қойылым көрсетілді. Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету, еңбекке, жауапкершілікке баулу.

Дата: 12.05.2023, 10:04 Автор: №24 мектеп-интернаты