"Жер сағаты"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің " 24 мектеп- интернаты" КММ- нінде Халықаралық "Жер сағаты" акциясы аясында ақпараттық жұмысы жүргізілді. 

«Жер сағаты» - дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.

Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.

Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.

Дата: 27.03.2023, 13:20 Автор: №24 мектеп-интернаты